Қазақтың қайсар теміржолшысы М. Тынышбаевқа – 145 жыл

Қазақтың қайсар теміржолшысы М. Тынышбаевқа – 145 жыл

 Осыдан 145 жыл бұрын Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, қазақ теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді. Соған орай, Қызылкөпір елді мекенінде орналасқан Мұхамеджан Тынышбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде тарихшы ғалымның мерейтойына арнап іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға М. Тынышбаевтың жиен немересі арнайы келіп, мектептің үздік оқушыларына төсбелгі тақты. Одан бөлек М. Тынышбаевтың есімін мектепке беруге үлес қосқан азаматтарға медаль тақты. 

Мұхамеджан Тынышбаев \1879-1937ж.\ - қазақтың көрнекті саяси және қоғам кайраткері. Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі. Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тархшы-ғалым. Орыс саясаты құрсаулап тұрған шақта ұшан-теңіз білімі мен ойшылдығы арқасында қазақстан теміржол қатынастарының инженері болды. Және, туған ұлтын қорғады. 

Ол Алматы облысы, Қабанбай ауданында бұрынғы (Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында) туған. Ол ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. 

Даярлық сыныпты қоса есептегенде он жыл гимназияда оқыған Мұхамеджан оқуды үздік алтын медальмен аяқтайды. Сөйтіп, 1900 жылы гимназия директоры М. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп қазынадан 360 сом жылдық стипендия бөлгізуінің арқасында, ол император І Александр атындағы Петербор теміржол транспорты институтына қабылданады. Институтты 1906 жылы бітіріп шығады.

Ол институттың соңғы курсында оқып жіріп 1905 жылы төңкеріске қатысады. Сол жылы қызылдардың қолдан әдейі құрған жасанды автономиялы елдер деп аталған съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды. Өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш хат жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады. Және, басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы, халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп бір мақсатқа қызмет еткенін көрсетеді. 1905 жылдың аяғында Оралда Қазақстанның бес облысының делегеттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ «Алаш» партясының сұлбасын жасауға ниет жасалған болатын. 

Ол 1907 жылы Ресей мемлекеттік думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады.