Қобыланды батырға ескерткіш қойылды
2024 ж. 22 мамыр
697
0
Биыл әскери қайраткер, армия генералы Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк қалаларының, Ақмола облысы, Ақкөл ауданының Құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Түркістанда «Қзақ хандығы тұсындағы идеология: Жауынгерлік рухты дәріптеудегі Қобыланды батыр жырының маңызы» тақырыбында республикалық ғылыми практикалық конференция өтті.
«Фараб» кітапханасында өткен іс-шараға Түркістан облысы және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, қазақ батырларының тарихтағы рөлі туралы ой қозғап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Ол:
– Өткен мен келешекті байланыстырып, тарихи сананы жаңғыртуда бұл жиынның маңызы зор. Біз қашанда ханын ұлықтап, батырын қадірлеген халықпыз. Сондықтан да олардың еңбегі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған. Міне, осы үрдістің заңды жалғасы ретінде Қобыланды батырдың тұлғасын кеңінен ашу мақсатында алқалы жиын рухани шаһарда өтіп жатыр. Түркістан өңірі – еліміздің киелі де қасиетті мекені. Облыс орталығына айналғанына енді ғана алты жыл болса да, құтты мекеннің тарихы тым әріден басталады. Түркістанның жаңа кезеңге қадам басуы, қайта жаңғыруы тағы бір тынысын ашқандай. Бүгінгі жиында тарихи шаһардың өткені туралы тың мағлұматтар айтылып, батыр бейнесінің қаталанбас қырлары сөз болады деп ойлаймын. Конференция жұмысына сәтттілік тілеймін-деді басқарма басшысы.
Жиын барысында конференция қонақтары түрлі тақырыпта баяндама жасап, бартырдың ерлігі жайлы сөз қозғады. Прфессорлар Шәкір Ыбыраев пен Тынысбек Қоңыратбаев және Досай Кенжетай, доцент Бақыт Әбжаттің деректерімен бөлісті. Іс-шара әрі қарай Сауран ауданында жалғасты. Еңбекші диқан ауылында қазақтың хас батыры Қобыланды батыр ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.