Түркістанда «SENAT OPEN» ащық турнирі өтті
2024 ж. 22 мамыр
536
0
Түркістанда Қазақстан мәслихатына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шахматтан «SENAT OPEN» ашық турнирі өз мәресіне жетті.
Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен және ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген турнирге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Әбішов, шахмат федерациясыныңы вице-президенті А. Бабенко, облыс әкімі аппаратының басшысы Е. Әлімқұлов, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері мен кеңес мүшелерінің барлық шақырылымы, қоғам белсенділеріБАҚ өкілдері қатысты.
Интеллектуалды ойынның қорытынды салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов қатысып жеңімпаздарды марапаттады.
Негізгі марапат бойынша І орынды Сайрамнан келген А. Абдикаримов, ІІ орын түлкібастық М. Шулашов және ІІІ орынды шардаралық С. Нағызбеков жеңіп алды. Сонымен қатар командалық ойында Бәйдібек ауданы көш бастаса, ІІ орынды Түлкібас ауданы иеленді. Ал, жүлделі ІІІ орынды Шардара ауданы алды.
Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам қайреткерлері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен 60 жастан асқан ойыншылар арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді. Сондай ақ қатысушыларға сертификат берілді.
Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін жартылай финалда бақ сынайды.