Түркістанда Мұражай күні аталып өтті
2024 ж. 22 мамыр
494
0
Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Ал, Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылған. Мұражайлар мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайды және әрбір адам баласы үшін демалыс және өзін-өзі жетілдіру орны. Мұражайсыз қоғамның интеллектуалдық, мәдени, білім беру деңгейін көтеру мүмкін емес.
Музей мерекесі күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі ШҚ Білім басқармасы №2 Оқушылар сарайы, Gulsem-Aisa өнерлі балалар студиясымен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстан болашағы – балалар көзімен» атты көрмесі ашылды. Көрмеге оқушылардың өз қолымен жасаған қыш құмыралары, картиналар, сәндік сөмкелер, жіппен бейнелеу бұйымдары, эпоксидті смоламен жасалған пейзаж, сәндік қолтаңбалы өнерлері көрсетілді.
Және, «Фототілшілер әлемі» атты көрме қойылды. Көрменің мақсаты, қала қонақтары мен жұртшылыққа фототілшілердің өз туындыларын кою арқылы көрмемен таныстырып, музейдің мәдени орталық екендігін айшықтау. Сондай ақ қоршаған орта, табиғатпен қарым-қатынасын фотосурет арқылы жеке адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, сыртқы бет әлпетін, кескін келбетімен үйлестіре отырып фотоға түсіру, яғни нағыз шебердің ғана қолынан келетін үлкен өнер екенін көрсету. Фототілшілердің жұмыстарын насихаттаудың тиімділігін арттыру. Инновациялық заманауи үлгідегі көрмелер ұйымдастырып көрерменнің талғамын кеңейту, олардың эстетикалық сұлулыққа, мәдениетке деген құштарлығын ояту. Сонымен қатар, Түркістан өңірінің тарихы мен мәдениетінің дамуы туралы толыққанды мағлұматы жасақталатын көрмеде өлкенің тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді пайдалана оырып толыққанды ақпарат ұсынылды. Көрмеде Қасымбек Нұрбекұлының фотосуреттері, алғыс хаттары, марапаттары, картиналары, жеке заттары, Үркінбек Елеубековтің фотоаппараты, сурет шығаратын құрал саймандары, фотосуреттері тұрды. Фотограф Разметов Абдивлидің фотосуреттері, алғыс хаттары, марапттары, жеке заттары, суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Сондай ақ музей экспозицияларының Моңғолиядан келген делегацияның фотофрагменттерері, архивтік құжаттар, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің даму барысы \1920-1940 жылдар аралағындағы музей экспозициясының, 1977 жылғы ашылған музей ғимаратының фотофрагменттері, Шымкентқұрылыс» тресінің 1977 музей ғимаратының ашылу салтанатына сыйға тартқан заттары, музей қорындағы бірегей жәдігерлер белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Б. Әшірбаевқа тиесілі болған музыкалық аспаптар, телефон, картинасы, кебеже, спорт бұйымдары музей төрінен орын алып тұр. Археолог, тарихшы Б. Байтанаевтың жеке заттары да ұлттық жәдігерімізге айналып, мәңгілікке музей сөресінен орын алған.
Ал, археология залында археолог Әлкей Марғұланның 120 жылдығы мен Кемел Ақышевтің 100 жылдығына орай «Қазақ археологиясының көшін бастаған ғалымдар» тақырыбында фотокөрме ашылды. Көрмеде ғалымдардың еңбек жолын бейнелейтін 60-тан астам фотосуреттері келушілрге ұсынылды. «Музей – құндылықтар ордасы» атты көрмеде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің алғашқы директорлары, әрі өлкетанушы ғалымдар Б. Тризна, М. Массон, И. Шпотаның сондай ақ кейінгі директорлар Баймышева, Мирзоев, Е. Қазыхановтың тағлымды қызмет жолдары туралы жәдігерлер қойылды. Ал, «Оңтүстікфильм» қызметкерлері өңірімізде тусірілген «Яссауи мұрасы» деректі фильмін, «Күш атасы – Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Ордабасы – бірлік туы», «Отырарды қорғау», «Оқсыз оқиғасы», «Түркістан», «Майдангерлер» тағы басқа көркем, анимациялық фильмдерін Музей күні мерекесіне орай келген қонақтарға көрсетті. Музей мерекесіне Түркістан облыстық «Ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінің жаттықтырушылары жас спортшылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Асық ату» ұлттық ойынының жаттықтырушысы Айдарханұлы Оралхан, жамбы атудан жаттықтырушы Бекбосынов Ербұлан, аударыспақтан жаттықтырушы Қосәлиев Біржан қатысып кезінде әдейі ұмыттырылған қазіргі кезде ұлт санасында қайта жаңғырып келе жатқан ұлттық ойындарға деген жасөспірімдердің қызығушылығын оятты. Олар ұлттық ойынның бала санасын шымырландырып, әбжіл, мергендікке баулып, мақсатқа ұмтылатын саламаты өмірге жетелейтін қасиеті туралы айтты.
Түркістан облысында Халықаралық музей мерекесі осылай аталып өтті.
Біз мұражай қызметкерлерін 18 мамыр – Халықаралық мұражай күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби салада шексіз шабыт тілейміз. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында ел мәдениетінің шексіз құдіретін ұдайы білуге мүмкіндік алуға болады. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!