«Білімге» деген ынтаң болса!

«Білімге» деген ынтаң болса!

Қазақстан Республикасы оқу- ағарту министірлігі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты

Курстың тақырыбы:Мектепалды даярлықтың тәжірибиелік және мазмұндық аспектілері.

Өту мерзімі:13.05.2024-23.05.2024 ж 

Куратор: Қайролдаева Анар Нұрғалиқызы

Бүгінгі күні тәрбиешілер үшін түрлі курстар тегін ұйымдастырылуда. Бұл бағдарлама МДҰ педагогтерін дамытуға бағытталған, еліміздің мектепке дейінгі білім берудің, ғылыми зерттеулердің,тәрбие мен оқытудың озық тәжірибесін ықпалдастыруын көрсетеді. 

Оқу курсынан жақсы әсермен көптеген ақпараттар алып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, тапсырма әзірлеуді үйрендік. «Кісінің бойында үйрену құмарлығын оятқан адам - ең жақсы ұстаз» деп Фердинанд айтқандай, тренеріміз Анар Нұрғалиқызы, өте білімді, білікті үйретуші, педагогикалық шеберлікті талап ететін мықты маман.


Мұғалімнің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады» деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек.

Бұл курстарда да әріптестерімнің басым бөлігі «Үйренейін! Қарманып қалайын!» деп ұмтылыс жасап, белсенділік танытып, кәсіби біліктілігін ұштауға мүдделі. Ал бүгінгі курстарда бәрі де жүйелі: алдымен мақсат пен күтілетін нәтижелер қойылады да, соңында оларға жеткен-жетпегендігіміз талданады.


Мұнда бәрі де шынайы: сабақтан қалу жоқ, талап та жоғары, тапсырмалардың орындалуын қадағалау бар, соңында сарапшылардың қатысуымен таныстырылым қорғау немесе есептер жазу нысанында емтихан тапсырылып, тыңдаушылардың жауаптары сонау бел ордасында тексеріледі. Курстар мазмұны педагогиканың ең соңғы жетістіктеріне негізделген, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесін зерттеуге бағытталған.

 Курста мен «Үйрететін - мұғалім емес, үйрететін - орта» деген қағиданың өміршеңдігін өзім үшін дәлелдедім. Біз ең алдымен бір-бірімізден оқыдық, үйрендік. Туындаған мәселелер мен кедергілерді ылғи да бірлесе шешіп отырдық. Осылардың арқасында арамызда жылы қарым-қатынас орнады.

Айжан Мырза Ботайқызы,

Ә. Қастеев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі