Қуанық Бишімбаев 24 жылға сотталды
2024 ж. 13 мамыр
1088
0
Атышулы экс министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайы – Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан болатын. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Кейін 15 қарашада өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Қ. Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Биыл 11 қаңтарда елорда соты Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін ұзартып, 26 ақпанда Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті.
Қуандық Бишімбаев соңғы сөзінде бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізген еді.