БҰДАН АСҚАН БАҚЫТ ЖОҚ
2024 ж. 13 мамыр
429
0
Түркістан облысы демографиялық тұрғыдан республика бойынша көштің басында тұрған өңір екені мәлім. Ана мен баланы қорғау ісіне айрықша назар аударылатын аймақ туу көрсеткішінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Осы орайда біз Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата ауруханасының бас дәрігері Бағила Өтеулиевамен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Ана саулығы – ұрпақ амандығы
– Бағила Құралқызы, әңгімемізді өзіңіз басқаратын Жетісай ауданы Асықата ауруханасының тыныс-тіршілігінен бастасақ...
– Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінде 83 000-нан аса халық тұрады. Оның ішінде 39901 әйелдер ,17498 туу жасындағы әйелдер.
Қазіргі кездегі медицина саласының маңызды және басымды міндеттерінің бірі – ананың денсаулығын қорғау. Мұндағы мақсат – денсаулығы мықты анадан дүниеге дені сау ұрпақты келуіне мұрындық болу.
Бұл тұрғыда Жетісай ауданы Асықата аудандық ауруханасында ауқымды істер атқарылуда.
Атап айтқанда, 2022 жылы арнайы «Отбасын жоспарлау бөлмесі» ашылып,«Ана саулығы ұрпақ саулығы» атты жоба іске қосылып, ашық есік акция күндері шалғай аймақтарда кезең-кезеңімен өткізілуде. 13236 туу жасындағы қыз келіншектер медициналық тексеруден өтуге мумкіндік алды. Былтырғы жылы 20 миллионыншы тұрғынның бірі дәл біздің Асықата ауруханасында дүниеге келгенін мақтанышпен айтуға тиіспіз. Біздің аймақ Түркістан облысындағы ғана емес, республикамыздағы құтты мекен деп білеміз.
– Жоспарланбаған қауіпті жүктіліктің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар турасында да атап өтсеңіз...
– Жоспарланбаған қауіпті жүктіліктің алдын алу аясында контрацепциямен қарқынды жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, 2736 әйел жатыр ішілік спиральмен тегін қамтылды. Тосқауылды материалдарды 178 әйел тегін алуға мүмкіндік алды. Аурудың асқынуының алдын алу мақсатында күндізгі стационарлық ем шаралар жүргізіліп – 744 әйел тегін медициналық кепілдендірілген көмек алды.
Жалпы туу жасындағы әйелдердің сандық көрсеткіші бойынша 5962-34% қыз келіншектер құрайды. Болашақ ұрпақ әкелуші ана ретінде кәзіргі таңда қыз бала жас өспірімдер арасындада тығыз тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде.
Мектептердегі түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізудің нәтижесінде мектеп жасындағы қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі қарастырылып отыр.
Туу жасындағы әйелдердің бәрі бақылауда
– Сөзіңіз аузыңызда, осы орайда шалғай аймақтардағы туу жасындағы әйелдерді тексеру мәселесі қалай жүзеге асып жатқандығын тілге тиек ете отырсаңыз...
– Профилактикалық бағытта нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында ауыл аймақтарда тексерілуге мүмкіндіктері болмай жүрген әйелдерге қолдау ретінде арнайы «Жылжымалы медициналық кешен» ұйымдастырылды. Соның арқасында 3706-21% жаңа аурулар ерте табылып , облыс деңгейіне 277-7,4% жолдама алынып, 17-әйелге күрделі оталар жасалыпты.
Кәзіргі таңда гинекологиялық аурулардың белең алуына байланысты арнайы кестемен гинекологиялық команда құрылып шалғай аймақтарға туу жасындағы әйелдерді тексеріп қарау жүйесі іске қосылды.Соның арқасында 2118-12% гинекологиялық ауру табылып , олардың барлығы дерлік тиісті ем-домдарын алды.Гинекологиялық тексеру нәтижесінде Президентіміз Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2023 жылы 13 әйел «экстрокорпоральді ұрықтандыру» бойынша бала сүймеген отбасылар ата-ана бақытын сезінуге даярланып, жүктілік бойынша дәрігерлер бақылануында. Алдағы уақытта сүйінші жаңалықтар болады деген үміттеміз. Және осы бағытта сала мамандары тынбай жұмыс істеуде.
Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдердің санының 4063-23% болуы, мұндай әйелдергеде арнайы тексерулер ұйымдастырылып, оларға арнайы қолдау көрсетілуде.
– Отбасы бақыты үшін ерлі-зайыптылардың екеуінің де бірдей денсаулығы мықты болуы керек екені белгілі. Бұл бағытта қандай шаруалар атқарылып жатқанына да тоқталып өтсеңіз...
– Елімізде отбасының тұтастығын сақтау мақсатында ерлі-зайыптылардың денсаулығына баса мән беріледі.Бүгінгі күнде Денсаулық сақтау министірлігінің қаулысының аясында жаңа бағыт ,жаңа жоба, жаңа бастамамен «Жұптық ерлі зайыптыларды дені сау ұрпақты өмірге әкелу мақсатында» арнайы мультикоманда құрылып жұптарды бір мезетте бірге мамандандырылған медициналық тексеруден өткізу іске қосылыпты. Осы бағытта алдағы уақытта жемісті нәтижеге қол жеткізіп ана және бала өлімін болдырмауға жұмыс жасайтынына асықаталық мамандардың сенімі зор.
Сонымен қатар жоғары топтағы жүкті әйелдерді қарайтын арнайы мамандар тобы құрылып, әрбір жүкті әйел солардың бағыты бойынша тексерілуде.
Атап айтқанда, қауіпті топтағы 241 жүкті әйел жұбайы мен бірге тексеріліп, ОПЦ-2-289 әйел жолданып бейін мамандар кеңесін алуға қол жеткізген.
Мамандар тобы кеңесінің берері мол
– Бағила Құралқызы, Асықата ауруханасында әйелге жүктілік барысында туындайтын қауіпті белгілерді жұбайымен бірге үйретуге ден қойғанын білеміз. Осы орайда білікті мамандар кеңесінің пайдасы туралы айтып беріңізші...
– Сонымен қатар, әрбір жүкті әйелдің жүктілік барысын және босанудың деңгейін алдын ала жоспарлап, уақытылы туу деңгейіне жеткізілуіне жағдай жасау. Дәрігерлер тобы консилиумынан биыл 528 әйел өткізіліп, көптеген қауіптің алдын алуға мүмкіндік туыпты. Нәтижесінде ауыр жағдайда босанатындардың саны азайған.
«Жетісай аудандық Асықата ауруханасының емхана бөлімі бойынша 2022 жылы 10 айда 2332 әйел жүктілігі бойынша есепке тұрған. Оның ішінде 1279 әйел Асықата ауруханасының перзентхана бөлімінде босанған. Ал, 2023 жылы 10 айда 1689 әйел жүктілігі бойынша есепке тұрған. Оның ішінде 1012 әйел Асықата ауруханасының перзентхана бөлімінде босанған. Перзентхана бөлімінде босанатын және босанған әйелдерге барлық жағдай жасалған.
– Жүктілік кезеңіндегі әйелдерге қандай жағдай жасалған?
– Сондай-ақ аталмыш ауруханада, еліміздегі өзге де емдеу мекемелеріндегідей, әйелдер жүктілік кезінде әйелдер кеңесінің тұрақты түрде бақылауында болады екен. Медбикелер мен акушерлер жүкті әйелдердің бақылауында ұстай отырып, диагностикалық шараларды уақытында өткізуін қадағалайды. Жүктіліктің алғашқы он аптасында аяғы ауыр әйел тіркеуге алынып, одан әрі босанатын сәтке дейін әйелдер кеңесінің назарында болады.
Қауіп факторы бар жүкті әйелдердің патронажына учаскелік терапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, учаскелік педиатрлар да қатыстырылады.
Жүктілік токсикозы және экстрагенитальды аурулар анықталған жағдайда үйден емдеу жүргізіледі немесе госпитализацияға жолдама беріледі. Мұның барлығы ана мен баланы қорғауға бағытталған шаралар. Біздің ең басты әрі ең негізгі міндетіміз – ананы да баланың да денсаулығының мықты болуына жағдай жасау.
– Сөз соңында, ана мен баланы қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтсаңыз екен...
– Жүктілік мерзімі қалыпты өтіп, босанғаннан кейін де әйелдер жергілікті емхананың бақылауында болады. Одан әрі денсаулық сақтау мекемелері ананың да баланың да денсаулығын назарға алады. Бұл үрдіс Жетісай ауданы Асықата ауруханасында да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Босанған әйел туралы мәлімет түскеннен кейін педиатр, акушер, гениколог және терапевт дәрігерлері барып алғашқы 3 күндік патронаж жүргізеді.Осы сәттен бастап, баланың өсіп дамуы бақылауға алынады. Егер осындай бақылау барысында дүниеге келген сәбидің бойынан қандай да бір қауіпті белгілер анықталса, оны емдеу бағытындағы жұмыстар қолға алынады. Осындай бақылау барысында 0-3 жасқа дейін 9883 бала бақылауға алынып, 263 жоғары қауіпті тобына ,530- бала орта тобына бақылауға алынды. Бүгінде мұндай балалардың денсаулығын одан әрі нығайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мұндағы мұрат – баланың саулығын сақтау. Дені сау ұрпақ өсіруді қадағалау. Бұл тұрғыдағы жұмыстарымыз бір сәтке де тыным таппай, тұрақты түрде өз жалғасын таба бермек. Ең бастысы – әрбір бала, өз анасының аялы алақанында, өзінің шаттыққа толы шаңырағында өсіп жетілсе біздің алға қойған мақсатымыздың орындалғаны деп білемін.
– Әңгімеңізге рахмет! Еңбектерімізге жеміс тілеймін!
Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ