Елі үшін ерен ерлік еткен...
2024 ж. 12 мамыр
568
0
Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының батырлары және 8 - і III дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған. Солардың бірі – Төребаев Бадан. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Отанын қорғау жолында отқа түскен түркістандық батыр аталарымыздың ерлігін насихаттағанды жөн санадық.
Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген.
Тұрақты мекен-жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы Сүгір көшесі №3 үйде үлкен ұлының қолында тұруда.
1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыршайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті.
Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Елге 1950 жылы қараша айында оралып, еңбекке араласты. Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген, 14 немересі, 28 шөбере 1 шөпшек сүйіп, бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешіп 96 жасты алқымдап отырған абыз ақсақал.