Ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды
2024 ж. 10 мамыр
557
0
Түркістан облысынан соғысқа 140 мың азамат аттанған. Солардың бірі – Игісінұлы Бейсенбек. Қанша уақыт өтсе де майдангерлердің ерлігі ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс күні – ең ұлы мейрамның бірі. Осынау айтулы мереке қарсаңында түркістандық батырлардың ерлігін оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
Игісінұлы Бейсенбек 1924 жылы 5 мамырда Түркістан облысы (бұрынғы ОҚО) Шаян ауданы Қосақжар ауылдық кеңесіне қарасты Тұрмыс колхозында туған. Ленинград қаласында қаржы-экономикалық институтын бітірді.
1942 жылы қыркүйек айында Қызыл әскер қатарына шақырылып, «Отан соғысы» орденімен, он үш медальмен марапатталған. 1949 жылы қараша айында елге оралып, 1950 жылдың қантар айында Шаян аудандық қаржы бөлімінде аға инспектор қызметіне орналасып, екі жылдан кейін меңгеруші қызметіне жоғарылатылды. Осы салада 1987 жылдың маусым айына дейін істеп, үлкен абыроймен еңбек демалысында. Аудандық халықты еңбекке орналастыру мекемесін ұйымдастырып, аудандық ардагерлер кеңесін басқарды. 2002 жылы Бәйдібек аудандық Төбе би болып сайланды.
«Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген экономист», Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» болған. 2020 жылдың 28 қыркүйек айында дүниеден қайтты. Артындағы отбасында 6 ұл-қыздарынан, 14 немере, 38 шөбересі бар.