14 ПІКІРЛЕР

  1. Шеттегі елдің мұң зарына шімірікпейтіндер бізде жетіп артылады.Шеттегі қандастарымыздың ата жұртқа оралуы қазақтың келешегі үшін қажет.Қазақты тұтас ұлттық мемлекет етемін деген адам жан-жаққа тарыдай шашыраған қазақтарды ата жұртқа әкелер еді,жағдайын жасар еді.Азаматтығын да жылға жеткізбей берер еді бірақ олай болмай тұр.»Қазақсыз қазақстан»деген М.Мағауиннің сөзі бекер емес секілді.
    Экономика өрлгенімен,(соған сенейік)тіліміз,ұлттық рухымыз кенжелеп қалды.Биліктегілердің көбі мемлекеттік тілде сөйлей де, жаза да білмейді.Жаның ауырады.

  2. Болат Әшірбеков деген кісі артықшылығын көре алмайтын бейшара, Дулаттай тұлғаның басқан ізінен садаға кет, мәңгүрт. Болат болмай, бордай тоз.

  3. Сая қатын, партократ, бюрократ болу арқылы ауызға ілеккен, кейін қазіргі өкіметке жарамсақтанып біраз жерге шапқан, кімнің қолында жем болса, соның тауығы болған Исабековтай дарынсыз біреудің артына кірген екенсің, кіре түс Атым керек болса – Болат Әшірбеков

  4. Дулат аға айтысқа қарсы шыққан жоқ, науқанға айналдырып, оқушыларға дейін жаттатып, айтыстың қадірін кетіруге қарсы шықты. Ардақтыны ғайбаттауға қалай аузың барады? атыңды да жазбапсың, ақ ит шығып, көк ит кірген тіліңе қарағанда көкайыл қатынсың ғой деймін…

  5. Ойпырмай, жыртылыңдар, жыртылыңдар. Ағаларың бір көрініп қалған екен… Қазақтың айтысына қарсы шыққан албастыны мақтаңдар кеп, мақтаңдар.

  6. Жаратқан иеміз Дулат ағаға және халқының қамын ойлап, жоғын жоқтап жүрген азаматтарға зор денсаулық, күш-қуат берсін.

  7. Иә, Мырзатай Жолдасбек – қаны шикі рушыл қу. Ол Ақтанбердінің ошақты екенін әлі де о жерде, бұ жерде айтып, шатылып жүр. Ал Несіпбек деген – жағымпаздықтың жілік майын сорып жүрген сорлы. Ондай шірік болмаса, рушылдармен бірге бара ма Аягөзге?! Бишаралар сонда сойылдың астында қала жаздап, қашып құтылған. Мырзатай соны ұмытып, тағы көки бастады. Рухани сорлыларға дауа жоқ екен ғой!

  8. Мырзатайдан мен баяғы президент сайлауында қазақша бір ауыз білмейтін Ғани Қасымовты емтиханнан өткізіп жібергенде көңілім қалған. Өзінің де сазайын сол кезде Қазыбек Иса берді. «ҚАЗАҚТЫҢ БЕТІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ, МЫРЗАТАЙ МЫРЗА?!.» деп, «Қазақ үні» газетінде сойып салды. http://www.qazaquni.kz/5629.html Елдің жаппай айыптауларынан сол кезде бір ай ауруханаға жатып шыққан. Батырхан

  9. Дулат Исабек дуалы ауыз Бұқар жыраудың нағыз бүгінгі бейнесі! Ол ханға айтқанын өткізе алатын жалғыз дарабоз тұлға! Аман болыңыз, аға!

  10. Мырзатай Жолдасбековке қазақтың бірлігі қажет емес. Біз бірегей ұлт болып қалыптаса алмай жүрсек, ол тыраш, Төле би болмақ. Садақа кет атамнан. Енді Мырзатайлардың қазақты тағы да 3-ке бөлгені қалып еді. Мырзатай қайтіп Төле би болмақ сонда? Ақтамбердінің балағынан алып, ошақты жасамақ болғаны оның әйтеуір бір жақсыға құйысқанға жабысқан қидай жармаспақ болғаны еді. Өзін кімге ағайын екенін дәріптеу болатын. Бірақ наймандар Мырзатайды жалаңаштап тұрып сабады. Ақтамбердінің басына Әбдірахман Асылбеков баcтаған ошақтыларды өзінің жандайшабы, қазіргі сарай ақыны Несіпбек Айтовке бастатып жібермек болып еді, наймандар Несіпбегімен қосып атып тастаймыз деген соң арт жақтарын қырт қысты. Наймандардың ататыны рас еді. Олар кәдімгідей сайланыпты. Басқа басқа Несіпбекті айтсаңшы, найманын Мырзатайдың айтағымен сатпақ болған сорлы-ай десеңші. Енді Мырзатай Ақтамбердіні сөйтіп жаз деген Ақселеу еді деп көкіп жүр. Осы Мырзатай сияқтылар, олардың жантықтары Несіпбектердің кім екенін халық ұқпай қазақ оңбайды. Суретке қараңызшы. Мырзатай Дулат ағаны көзімен атып отыр. Себебі, «Нұрлы Көшті» тоқтатқан осы Мырзатай. Есіктен есікке кіріп

  11. Қаламгер Дулат аға Исабекке бүкіл Алаш жұрты дән риза. Орнынан суырылып тұрды да, Елбасының тіке өзіне қандастарының мәселесін төтесінен айтты да салды. Жүрегінің ауырғаны соншалық, ҚАЗАҚ деген сөзге келгенде дауысы тым қатқыл шықты. Ешкім оның шапанын шешіп алған жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз