Түркістан театры Халықаралық комедиялық қойылымдар фестиваліне қатысады

Түркістан театры Халықаралық комедиялық қойылымдар фестиваліне қатысады

Райымбек Сейтіметов атындағы Түркістан қаласының сазды –драма театры Көкшетау қаласында Сәкен Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық қойылымдар фестиваліне қатысуға жолға шықты. 

Халық жазушысы, жазушы-драматург 1934 жылы, 11 ақпан күні Көкщетау облысының Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. 1957 жылы ҚазҰУ-ін бітіргеннен кейін «Пионер» \қазіргі «Ақжелкен»\ журналында еңбек жолын бастаған. Ол «Сонарда», «Кімнің мекені жақсы», «Жапандағы жалғыз үй», «Тұтқындар», «Жаралы гүлдер», «Ақан сері» романын жазған. «Аманай мен Заманай» романы бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілген. Сондай ақ оның «Сабалақ Абылай», «Қысылғаннан қыз болдық», «Сәукеле» атты пъесалары республикалық театр сахналарында қойылған. Сәкен Жүнісов шығармашылық толассыз еңбектері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған. 

Асқан таланты үшін оны қазақ зиялылары Сәкен сері деп атаған. Бүгінгі ел билігі халық жазушысының есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында, оның 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. 

Райымбек Сейтіметов атындағы Түркістан театры Э. Макашеваның аудармасындағы А. Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясымен өнер додасына қатысады. Жоба жетекшісі, Қ. Қасымов. Режиссері, Н. Ізтаев.