MIНЕЗДІ ДЕПУТАТ

MIНЕЗДІ ДЕПУТАТ

"Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден” деген Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның осы сөзі Қазыбек Иса құрдасыма қаратылып айтылған сияқты көрінеді маған. Ұлт руханиятына терең тамыр жіберіп, Ұлттық мүдде жолында елдік мінез көрсетіп келе жатқан қайраткер ұлын елі еркелетіп, халқы қадірлейді десек ,артық айтқан болмаспыз.

     Иә, ұлтқа қызмет ету дегенді кім қалай түсінетіндігін білмеймін, мен үшін бұл-ұлтты жан-тәнімен сүю, сол үшін қалтқысыз қызмет қылу, керек кезде тәуекелге бас тігіп, ұлт мүддесі жолында алған беттен қайтпау. Осы көрсетілген ұлтқа қызмет ету сипаттамасына сай келетін тұлғалар қатарына қайраткер-ақын, саясаткер Қазыбек Исаны ойланбастан қосуға әбден болады. Бұл жазбамызда оның ақындық шығармашылығын, өлең-жырларын талдауды мақсат еткен жоқпыз, тек Қазыбектің қайраткерлік бір қырына ғана аз-кем тоқталуды жөн көрдік. Ұлт үшін, оның тілі үшін толағай тірлік тындырып, нағыз халық қалаулысы ретінде, халқының сүйішпеншілігіне бөленген жан екеу болса- біреуі,біреу-болса бірегейі деп осы Қазыбек құрдасымызды ойланбай айтуға болады. Парламент мінберінен жолданған депутаттық сауалдар мен бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларынның мәтініне тереңдемей-ақ, олардың тақырыбына ғана тоқталсақ, көтерілген мәселенің мәнін бірден түсінесіз. “Халықтың тілінде сөйлей алатын халықтық Үкімет керек”,” Алаш қайраткерлерін ұмыт қалдыру-саяси әділетсідік” деп “Ақжол” партиясы фракциясының үнін Үкіметке жеткізіп, Алаш арыстарының өздері арман еткен Тәуелсіз елдің төрінде оларға ескерткіш орнатуға ықпал еткенін ел жақсы біледі. Алаш көсемдері-Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Мыржақып Дұлатұлын ұлықтау-ұлтық мүддемен үйлесіп жатқанының жарқын көрінісі. “Алаш идеясы-ұлттық идеямыз болу керек” деген “Ақжол” партиясы басшыларының бірі ретінде Қазыбек Исаның ұстанған ұстанымы көпке үлгі болып келеді. “Мемлекеттік тілге миі жетпегендер қалай министр болады?!” деген мақаласын “Қазақ үні” сайтындағы “Ең көп оқылған” айдарында-үш жүз елу бір мыңнан астам адам оқып, 300-ден астам оқырмандардың оң пікір қалдыруының өзі - халықтың көкейіндегісін дөп басқанын көрсетсе керек. “Қазақ тілі ұлтаралық тіл болмақ түгілі өзіміздің Үкімет пен Парламент тіліне айнала алмай жатқан жоқ па?” дей келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: “мемлекеттік қызметте, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында анахронизмге айналу тиіс” деген тапсырмасын орындауда олқылықтар орын алып отырғанын сынға алады. Сондай-ақ “Ақжол” партиясының фракциясы он жылдан астам уақыттан бері айтып келе жатқан, “Мемлекеттік тіл туралы” заң қабылдау керектігін негіздеп, ол бойынша, Қазақстан Президентіне “Ашық хатқа” бір айда жүз жиырма алты мың адам қол қойғанын бұқаралық-ақпарат құралдарында құлағдар етіп, бастамаға басшы болғанын - Қазыбек Исаның бір қыры десек те болады. Мемлекет тілге байланысты көтерілген бастамасы-Кәсіпкерлік кодекстың 138-бабына тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылайтын бапты қайта енгізу болатын. Алайда, бұл ұсыныс Үкімет тарабыннан қолдау таппады. Дегенмен, қайраткер Қазбек тіл заңын қадағалаудың басқа нұсқасын қабылдау - кезек күттірмес мәселе екеніне тағы да екпін түсіре сөйлеп, олай болмаған жағдайда көшедегі, сауда орындарындағы дау өрши беретінін, азаматтардың тілдік дискриминацияға ұшырап, Конституциялық құқының таптала беруінің соңы жақсылыққа апармайтынын жария етудегі табандылығы- елдің тұтастығын, берекелі бірлікті, ықыласты ыңтымақты мақсат еткен адамның азаматтық белгісі деп қабылдауымыз керек. “Қазақ тілінін мүддесіне қарсы Қазақ Үкіметтімен қанша уақыт өмір сүреді екенбіз?! Әлемде мемлекеттің мемлекеттік тілге, мемлекеттік мүддеге қарсы шығатын парадоксы тек Қазақстанда ғана,” дегенді айту үшін де, мінез керек, ұлтының мейлінше жанашыры болып, ұлттын жән-тәнімен сүю керек. Қайраткер Қазыбек қасқайып тұрып Үкіметке ашықтан-ашық бар шыңдықты жайып салған мінезді депутат демеске лажың жоқ! Мемлекет тіл мәртебесін жеке дара аңықтайтың заң қабылдау күн тәртібінен түспеу керектігіне қайта-қайта оралып: “кез келген өзін сыйлайтын ел үшін алдымен әлемдік алты тіл емес, ең бірінші мемлекеттік тілі маңызды” деуінің өзі ұлттық мүддемен үндескен ұтымды пікір екені дау тудырмасы анық. Қазыбек Иса проблеманы көтеріп ғана қоймай, оның шешу жолдарын да ұсынуды әсте ұмытқан емес. Құлақ түріңіз, ол не дейді? “Бізге “мен мемлекеттік тілде сөйлеймін” деген шектеусіз акцияны бастайтын уақыт баяғыда жеткен. Ол үшін барлық жерде, кімге, қай ұлттың өкілі болса да, тек Мемлекеттік тілде сөйлеуіміз керек. Осылай құлдық құлықтан құтылмай, мың жерден заң болғанның өзінде де, қазақ тілін жаппай қолдану қиын. Сондықтан да, көпшілік орындарда, дүкендерде де, жиындарда да, барлық жерде қазақша сөйлейік. Министрлерге, әкімдерге, депутаттарға, мемлетектік қызметкерлердің бәріне, қандай ұлт болсын, мемлекет тілде сұрақ қойып, мемлекеттік тілде жауап талап етіңіздер. Бұл заңмен бекітілген ереже” деп, заң аясында әрекет етуді ұсынады. Қазақ жастары “қылышынан қан тамған кеңес империясына қарсы алаңға жан үшін шыққан жоқ, нан үшін шыққан жоқ, Намыс үшін шықты. Пұл сұрап шыққан жоқ, Тіл сұрап шықты! Жоғалып бара жатқан Ұлттық рухты атойлап, алаңға шыққан аттаны еді” дей келе, сол ұлттық мүдде Тәуелсіз елімізде қалай қорғалу керектігін жіліктеп, даңғыл жолын көрсеткен көкейтесті ұран-сөздері ол өз алдына бір бөлек әңгіме... Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, рухани жаңғыру, ұлттық мүдде, ұлттық код туралы кесек-кесек ойларын келесі мақалаларымыздың еншісіне қалдыра отырып, бұл жазбамызда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, оның қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілін тұғырына қондыру жолында атқарған қомақты істердегі Қазыбек Исаның қайраткерлік бір қырын ғана көрсетуді мақсат еттік.

Бүгін арқалы ақын, қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның туған күні. Барыс жылғы құрдастар атынан туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.

Кәрімбек Құрманәлиев,

Қазақ үні