Ғарыш көрген үш қазақ

Ғарыш көрген үш қазақ

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету \табиғат және экология\ бөлімі 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш көрген үш қазақ» атты көрме жасақтады. 

Әлемде 7 млрд адамның 600-ге жуығы ғарышқа ұшқан. Оның үшеуі қазақ. Олар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Ғарышкерлердің әуе кеңістігіндегі атқарған жұмыстары туралы келушілерге кеңінен таныстырылды.

Көрменің мақсаты, ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Ғарыш әлемі және оның құпия сырларын кейінгі жас буынға дәріптеу, насихаттау, өнеге тұттыру