Жанымды жүр жылытып, сен сыйға тартқан орамал

Жанымды жүр жылытып, сен сыйға тартқан орамал

      «Фараб» кітапханасында 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Жанымды жүрсің жылытып…» атты поэзия кеші өтті. Кеш «Түнгі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кеш ерекшелігі кейіпкерлер өз жұбайларымен қатысты. 

      Кейіпкерлер – Бимырзаева Әсел Маханбетқызы-ақын, мұғалім, қоғам белсендісі, ерекше баалалрға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы, мемлекеттік «Шапағат» медлінің иегері және жұбайы Жүсіпов Бақытжан Шекербекұлы жеке кәсіпкер.

Мұқағали Кенжетайұлы – ақын, Мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы және жұбайы Анарбай Маржан психолог маманы. 

Құрманбеков Мұрат – Р. Сейтіметов атындағы театрдың әртісі, жұбайы Мақұлбекова Майра театр және кино актрисасы.

Еламан Төлеутай – ақын, «Тармақтар» кітабының авторы, жұбайы Рысгүл Досжанова ақын, тележүргізуші. 

        Кештің арнайы қонақтары композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, журналист Роза Нарымбетова, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Несіпкүл Өтебаева, профессор, ұстаз Мариям Тасболатова жиналған поэзия сүйер көрерменге өмірлік азық болар ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жас өнерлі студенттер халық арасында кең таралған ғашықтар жайлы ән айтып кеш көрігін кіргізе түсті. Қоыз Көрпеш – Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген эпостық жырының негізінде жасақталған көрме-инсталляция барлық келушілердің таңданысын туғызды. 

      Кеш барысында көрермен арасынан жұптық ойын ойнатылып, арнайы сый- сияпат көрсетілді. Кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы кеш кейіпкерлеріне, арнайы қонақтар мен жиналған көрерменге алғыс білдіре отырып, кейіпкерлерге естелік сыйлықтар табыстады.