Исламдық зерттеулер Академиясы толеранттылық құндылықтарын бүкіл адамзатқа ұғындыруды мақсат тұтады - Мұхаммед Әл-Нәзір
2024 ж. 13 наурыз
653
0
ӘЛ-АЗХАРДЫҢ ИСЛАМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ НАЗИР МУХАММЕД МУХАММЕД АЛЬ-НАЗИР АЯДПЕН СҰХБАТ
- Жоғары мәртебелі, Исламдық зерттеулер Академиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтыңызшы.
- Исламдық зерттеулер Академиясы ақиқат діннің таралуына негізделген және мәдениетті оған кері әсер етуі мүмкін нәрселерден тазартуға, сондай-ақ ұлт және қоғам мәселесін шешуге негізделген.
Объективті зерттеу жүргізумен айналысатын көптеген департаменттер мен комитеттердің арқасында Академия исламның байсалдылығы мен толеранттылығын атап көрсетеді. Бұл Әл-Азхардың оқу бағдарламаларының бір бағыты деп айтар едім.
Академия өз ішінде және тысқары аумақта әртүрлі насихаттық, білім-ғылымға негізделген, мәдени, әлеуметтік және зерттеу жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді. Оның тарихы бұған дәлел. Себебі Академия аталған бағытта туындаған сұрақтарға жауап береді, мәселелерді шешеді және қоғамда туындаған диллемалардың шешімін табуға тырысады.
Сондай-ақ ол интеллектуалды және психологиялық ауытқулардың алдын алатын құнды ғылыми басылымдарды шығарады. Осы жұмыстарды атқара отырып, Академия қоғамның ішіне іріткі салатын және оның тамырына балта шабатын мәселелермен күреседі, туындаған сұрақтарды шешуге тырысады. Ол сондай-ақ өзінің уағызшылары – ерлер мен әйелдер арқылы және шетелдерде өзінің эмиссарлары арқылы дүниенің төрт бұрышында Құдайға деген сүйіспеншілікті ояту, ішкі сенімді шақыру жұмыстарымен айналысады.
Исламдық зерттеулер Академиясы толеранттылық құндылықтарын дініне, діліне қарамастан бүкіл адамзатқа насихаттауды, ұғындыруды мақсат тұтады. Аль-Азхар Аш-Шариф Ислам мен мұсылмандық қағидаттарының дұрыс жолын ұғындыруды, сондай-ақ, мұсылмандардың өзге де дәстүрлі діндермен өзара қарым-қатынасын түсіндіруге тырысады. Сонымен қатар, өздерінің жеке мүддесі үшін өзге оймен бұрмаланған, экстремистік және қоғамға радикалдық ағымдардың идеологиясын енгізуге тырысатын, дәстүрлі діннің құдіреті мен ұлт қасиетін ұғынуды жат көретін бүлікшіл топтармен күреседі.
Осы ауқымдағы Академияның аса маңызды іс-шараларының бірі ол – толеранттылық қағидаттарын түсіндіретін конференция мен семинарлар өткізу, сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмыстарын жандандыру. Сондай-ақ Египет провинцияларына, шығыс пен батысқа саяхат жасап, насихат жұмыстарын жүргізетін топ құрылған. Олар аталған мәдениеттің қоғам мен қауымдастықтар, жеке тұлғалар арасында қазығының нық қағылуы жолында қалтқысыз еңбектеніп келеді.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі дінаралық және конфессияаралық диалогтың жаһандық дамуына қалай әсер етеді?
- Дін көшбасшылары Форумы діни рәсімдерді қалтқысыз орындап, уағыз айту шеңберінен шығып, әлемді алаңдататын ауқымды, жаһандық мәселелердің негізіне үңіліп, дүние жүзінде орын алып жатқан дінаралық және геосаяси оқиғаларға әділ көзбен қарап, оларды шешу жолдарын ұсынуы керек.
Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта жақсылық пен зұлымдық, ізгілік пен қара ниет ұғымдары өзгеріске түскен заманда біз өтірікті қабылдап, кешіріп, тіпті оны дәстүріміз, мұсылмандық жолымыз, шариғат қабылдамаса да ақтауды үйрендік. Олай дейтін себебіміз, бұл көзқарастар адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге, бағалауға, құрметтеуге толы.
- Сіз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бірқатар жиындарына қатыстыңыз ба? Жұмыс тобындағы қандай өзгерістерді атап өтер едіңіз?
- Съезд алдыңғы отырыстардан бері өз жұмысына айтарлықтай оң өзгерістер енгізді. Бүкіл әлемді толғандыратын көптеген маңызды мәселелер қарастырылды. Оның ішінде конфессияаралық диалог пен бейбітшілікте өмір сүру мәселесі, сондай-ақ тұрақты даму мәселесі және оның әрбір адам үшін маңыздылығы, сондай-ақ коронавирус пандемиясынан кейінгі әлемнің жағдайы.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің даму Тұжырымдамасының маңыздылығы туралы айтып өтсеңіз?
- Исламдық тұрғыдан тұрақты дамудың миссиясы адамзаттың қазіргі және болашақтағы материалдық және рухани қажеттіліктерін, соның ішінде кез келген дәуірде және кез келген мемлекетте, соның ішінде Мысырда адамгершілік, мәдени және әлеуметтік дамудың үлесі ретінде адам құқықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл исламдық тұрғыдан тұрақты дамудың басқа жүйелер мен идеялардағы тұрақты дамудан ерекшеленетін маңызды аспектісі, өйткені ол адамзаттың қажеттіліктерін табиғатпен үйлесімді түрде жүзеге асырудағы тепе-теңдік қағидасына байланысты. Сондықтан радио, телевидение, баспа және БАҚ тұрақты даму мәселелерін назарға алып, дін өкілдерінің қатысуымен осы мәселелерге жұртшылықтың назарын аудара алатын бағдарламаларды ұсынуы керек.
Сонымен қатар әлемдегі барлық күш-жігерді біріктіріп, тұрақты даму жолындағы кедергілерді жою және ғылыми-зерттеу мен ғылыми серіктестік арқылы мәселелер мен олардың тақырыптары туралы хабардар болу үшін жұмыс істеуде ортақ көзқарас болуы керек.
- Мәдениеттер диалогы мен дінаралық ынтымақтастықты нығайтуда қазіргі жастардың рөлі қандай?
- Жастар мен қоғам арасындағы алшақтық олардың ой-өрісіне кері әсерін тигізді. Бұл жағдайды өзгерту үшін қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін көтеру керек. Және жеке тұлғаның өсуі мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін, айыптаулардан және асығыс үкімдерден арылу үшін отбасында, мектепте және университетте балалармен диалогты орнатуды қажет етеді. Қатаң басқару, зорлық-зомбылық, сөгіс және диктатура балаларды немесе жастарды өздерінің ішіндегісін сыртқа шығара алмайтындай жағдайға душар етеді.
Жастардың маңызы ерекше. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянына үңілсек, оның ілімінде ең көп үлес жастарға берілгенін көреміз.
Ұлт пен қоғамды тәрбиелеудегі маңызы орасан зор болғандықтан, бүгінгі жастарымыз Отанды сақтау және қуатты қоғам құру үшін осы нұсқауларды қолдануы қажет деп есептеймін.
Сондықтан мектеп болсын, институт болсын, университет болсын, басқа ұйымдар болсын, әртүрлі жерлерде жастардың мәдени диалогы мен конфессияаралық ынтымақтастығын насихаттайтын шараларды көптеп ұйымдастыру қажет.
Біз сондай-ақ Facebook, Twitter және т.б. әлеуметтік желілерді мүмкіндігінше қолдана отырып, оған мейлінше кең ауқымда жастарды тарта отырып, диалог форматын орнатуымыз керек.
- Алдағы уақытта Съездің дамуын қалай елестетесіз?
- Күннен күнге дамып келе жатқан мұсылман елінің жомарт қолдауымен және берекелі қамқорлығымен өткізілетін мұндай конференция Ислам мен мұсылмандарға қатысты айтылған тоқырау мен оқшаулану туралы айыптауларын жоққа шығарады және дүние жүзіндегі мұсылмандардың заманауи адамзат өркениетінің дамуы, алға жылжуы жолында бәсекеге сай, таптырмас серіктес екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Съездің негізгі миссиясына тоқталып, сөзімді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Ғылыми зерттеулер – бұл әлемдегі барлық көшбасшылар мен дін көшбасшыларын жек көрушілік пен зорлық-зомбылық сезімін тудыратын барлық қарама-қайшылықты қақтығыстарды жеңуге және порнография, құлдырау және бұрмалау идеяларымен күресуге, сүйіспеншілік, мейірімділік пен бейбітшіліктің құндылығын нығайта алатын біртұтас қоғамды құру қажеттілігіне шақыратын платформа. Мұның бәрі адамзат пен өмірді алға сүйрейтін жаңа әлеуметтік және рухани жаңғыру үшін.