Бейбіт Күлмағамбет: Ресей Қазақстанда мектептерін ашу арқылы - билікке "ресейленген" кадр дайындау жолдарын іздестіруде

Бейбіт Күлмағамбет: Ресей Қазақстанда мектептерін ашу арқылы - билікке "ресейленген" кадр дайындау жолдарын іздестіруде

Ресей мектептерінің Қазақстанда ашылу келісімдері, екі мемлекет арасы саяси-экономиқалық және мәдени қатынастарды тең дәрежеде дамыту мақсаттарын көздемейтіндігі анық көрінуде. Тіпті, бұл шешімдер, бұрын қол қойылған мемлекеттер арасы келісімдерге қайшы келеді деуге де болады, қарсылықты мүдделер теңдігі бұзылған. Ресейдің мемлекеттік мүдделері жоғарыда тұр. Ресейде бірде - бір қазақтілді мектеп жоқ, ал Қазақстанда мыңдаған орыстілді мектеп бар.Енді тіпті ,тікелей Ресей мектептері ашылуы көзделуде. Жығылғанға жұдырық ...

Жаңа келісімдер, Ресей басшылығының Украйна соғысынан кейін, Орта Азияға бағытталған, ұлттық мүдделеріне негізделген, стратегиялық саясатының алғашқы "тамыр басып көру" қадамдары. Мектептердің оңтүстік аймақтарда ашылуы болса, Ресей "мәдениеті мен тілін" жаңа жолмен, тек Қазақстанда таратуды күшейтумен шектелмей, басқа түрік тілдес мемлекеттерге "жұғысты" етуді де көздейтіні көрінуде. Анағұрлым терең саяси мақсаттар көзделуде. Өзбекістан мен басқада мемлекеттерге ықпалын қайта жаңғырту, жаңа деңгейге шығарту мүдделері жасырылмауда. Ресей әскери басшылығының - "батыс елдері (түрік одағы деп оқыңыз) Орта Азияда, Ресейге қарсы көзқарастар орнатуда, бұған рұқсат берілмейді",- деген мәлімдемелері де осыны білдіруде. 

Қасиетті Түркістанда, Шымкентте, Таразда салынатын Ресей орта мектептері "мәдениеттер "шайқасы" өтетін жаңа идиалогиялық полигон алаңы ретінде қабылдауымыз керек шығар.  

Ресей, Қазақстандағы орын алған орыстілді мектептерді қаржылай қолдау жолымен емес, тікелей Ресей мектептерін ашу жолымен жүру шешіміне неге баруда?

Енді ғана құрылған түрік Одағының күшейуі, Ресей "Федерациясы" деп аталатын неоимперия ішіндегі түркітілдес ұлттарға бостандық үмітін беруде.

Осындай "Қауіптер"-дің алдын алу үшін, Ресей-дің Орта Азия-ға тікелей идиалогиясын жүргізе алатын орталықтар ашуды көздеуі орынды деуге де болады. Тек, біз бір колониясы болсақ, әрине. Ал кәзір бұл шешімдер болса, тәуелсіз мемлекеттер арасы келісімдерді өрескел бұзу, егеменді елдің ішкі істеріне қол соғуға ұқсайды.

 Бұл бір кездердегі Ресей патша билігінен бастау алған, бұратана елдерде , әйелдер гимназияларынан басталған проектердің жаңаланған көшірмесі ғана. Өзгерген ештеңе жоқ, жаңа Ресей мектептері арқылы өз саясатына қызмет ететін, билікке келетін "ресейленген" кадрлар дайындау мақсатын іске асыру жолдары іздестірілуде. 

Бұл тек Ресейдің мүддесі ғана емес, біздің мемлекеттегі ерекше "жағдайларын" сақтап қалуға мүдделі , биліктегі мемлекетшілдерге қарсы күштердің, кейбір шенділер мен олигополиялық топтардың көздеген мақсаттары да десек болады. Ресей мен Қазақстанның бірлігі, Ресеймен Беларусияның бірлігіндегідей ашық одақ емес болсада, одан кем емес, екі ел басындағы биліктің "сиамские близнецы" одағына негізделген. Екі жақтағы биліктегілердің мүдделерін кіндіктен жабыстырып, мәжбүрлі бір саясат ұстануға күштейтін бір саяси феномен туғызды. Осылай бір жақты, Ресейдің күші басым саясат әрі қарай ұйғылана берсе, Сиам егіздерінің бірі өсіп, іріленіп, екіншісіне көрек жетпей, өліп кетуі де ықтимал...Билік басындағылар өліп кетпес әрине, бірақ оңды-солды қол қоя беретін келісім шарттарымен, егемен елдің тынысын тарылтып, өсуін тежеп, зиян берулері айдан анық...

Қазақ Елі,болашақ ұрпақ,бостандықтар мен Демократия үшін.

Бейбіт Күлмағамбет,

Фейсбук парақшасынан