«АҚЖОЛДЫҚ» ДЕПУТАТ АҚЖОЛДЫҢ АУЫЛЫНА АҚ ЖОЛ САЛЫП БЕРДІ

«АҚЖОЛДЫҚ» ДЕПУТАТ АҚЖОЛДЫҢ АУЫЛЫНА АҚ ЖОЛ САЛЫП БЕРДІ

Бүгін жұмыс барысына байланысты чаттарды қарап отырып, бір қызық ақпаратты көзім шалып қалды. Енді оны оқырмандармен бөліскім келіп отыр.

Қазір ақпанның арқыраған ақборанында еліміздің Шығысында, Солтүстігі мен Батысында, Арқада қар астында қалған ауылдар көп. Шығыстағы бірнеше ауыл біраз күн қалың қар астында қалып, жол арқылы байланыс тоқтап қалғаны белгілі. Яғни, жолдар жабылып қалуда!

Ал бүгінгі әңгіме қар астында қалған ауылдардың жолын ашып, Ақ жол салып беріп жүрген Ақжолдық мәслихат депутаты Серік Дүйсен туралы.

“Ақ жол” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі ұлтшыл журналист Бағдат Ізмағамбет партиялық чатқа:  

«АҚЖОЛДЫҚ» ДЕПУТАТ АЗАТ АҚЖОЛҒА КӨМЕКТЕСТІ» деген жазба жариялады. Тақырыбы қызық болғасын бірден оқып, риза болдық. Сондықтан түгел келтіре кетейік.

“Қызық, иә? Сіздерден бөлек біздің таңданысымызды айтыңыз. Бүгін тұрғындарға көмектесіп, жолды жакып қалған қалың қарын ашып жүрген Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы «Ақжолдық» депутат Серік Шапайұлы Дүйсен туралы жазып едім ғой. Ол түс ауа болған бір қызық жағдайды жазады. Өзі тұрып жатқан Ақсайдан 25 шақырым жердегі Жаңақоныс ауылынан Азат Ақжол деген азамат телефон шалып, ауылын қардан тазалап беруін өтініпті. Шамасы жұрттан естіген болар, “жақсы депутат жәрдем жасап жүр” деп. Атына да, тегіне де мән бермей біздің Сәкең ауыр техникасына жүргізушісімен бірге мініп алып, жетіп барады. Барып, ауылының кірмежолын қалың қардан тазалап, елдімекеннің ішіне аппақ жол салып береді. Ақсақал ақ батасын беріп, Серік Шапайұлын шығарып салыпты.  

Қызықты қараңыз, «Ақжолдық» депутатқа құдай айдап, қиырда жүрген АЗАТ есімді, АҚЖОЛ текті ақсақал ақ қарға малынған ақ жолын тазартып беруін өтініпті. Құдайдың қалауы емей немене? Өмірде түрлі қызық болады деген осы шығар?! Ал, алыстағы ақсақалдың батасын алып, жолын ашып берген Серік Дүйсен әріптесіміздің бүгінгі еңбегіне шынында қол соғуға болады. Қалай ойлайсыздар, «Ақжолдастар?»


Жақсылық жасаудан жарысайық! Ақ жол!”-деп жазыпты Бағдат бауырымыз.

Иә, Батыс Қазақстандағы Ақжолдық депутат Азат Ақжолдың ауылына Ақ жол салып беріп, Ақ батасын алды.

Иә, шынында да қызық! Азат Перуашев басқаратын “Ақ жол” партиясы депутаты Азат Ақжол ақсақалдың ауылына Ақ жол салып беріп, Ақ батасын алды.

Серік Шапайұлының қиын кезде қиналған халыққа қол ұшын созып, күн-түн демей ауыр техникаларға аттай мініп алып, азаматтық жасап жүргеніне шексіз ризамыз!

“Баталы ұл арымас” дегендей, ел ықыласы арқасында өрге тарта бер бауырым!

Бәріміз де еңбегімізбен ел алғысына бөлене берейік. 

Барлығыңызға әрдайым Ақ жол тілейміз!

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні