Қандастар көшін күшейту басты мақсат болуы тиіс! – Қазыбек Иса

Қандастар көшін күшейту басты мақсат болуы тиіс! – Қазыбек Иса

2024 жылы 29 қаңтарда Парламент Мәжілісіндегі халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру туралы заң жобасының жұмыс тобында еліміздің қандастар көші туралы мәселе тағы да талқыланды.

-Қандастарға заматтық беруді оңайлату үшін қолданыстағы заңның Конституцияға қарсы 20 бабы 5 тармағын алып тастау туралы ұсынысымызға уәкілетті министрлік қарсы шығып жатсыздар. Сіздердің кабинетте отырып алып, «20 баптың 5 тармағы қандастарға кедергі емес» деген сөздеріңізге кім сенеді, қандастар кедергілерге ұшырап, чаттарында жұрт шулап жатыр. «Өткенде жиындарына қатысқанда да есіттіңдер ғой бұл шағымды. Ұлт зиялылары да таяуда Президентке ашық хат жолдады. Бұл мәселе бұнымен бітпейді. Адам аз Солтүстікті қазақтарға толтыру туралы мемлекеттік саясатты түсінеміз. Бірақ ауа-райы да, тілі де суық Солтүстікке барғысы келмегендер Азаматтық ала алмай қайтып кетсе, тек Солтүстік қана емес, елімізге келетін қандастардың саны да азая береді ғой, сонда бұл еліміз бойынша адам санына кері әсер етеді, соны неге ойламаймыз? Алдымен елдің саны көбеюі керек емес пе?  

Қандастар көшін күшейту басты мақсат болуы тиіс! Сондықтан бұл мәселені бұлай қалдырмаймыз!-деді Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Иә, ең бастысы еліміздің демографиялық ауалын жақсартатын қандастар көшінің қарқынын арттыру болуы тиіс.

Азамат Тасқараұлы, 

Қазақ үні