"Қандас" куәлігі жоқ қандастарды не деп атаймыз?
2023 ж. 25 желтоқсан
1140
3

Құрметті ағайын, бұл сұрақ күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ бұл дәл қазір көз алдымызда болып жатқан Қазаққа қарсы жасалған сорақы істің бірі. Осы жылы Қытаймен шекара ашылған соң сондағы Қазақтың біразы елге келді , талай қыйындық көріп, тоқсан тесіктен өтіп "Еліме келдім"- деп қуанған Қандастардың қуанышы су сепкендей басылып, ұзаққа бармай тұр.
Ойбай "Оралман" деген жаман сөз бұдан кейін "Қандас" болсын деген Тоқаев мырзаның Қандастарға жасаған сиы осы болса, құдайдың атқаны осы, Қандастар деп атап тұрып "Қандас" деген куәлік бермеген деген не сұмдық? Қандасқа "Қандас" деген куәліктің не керегі бар деймін дә? Бұл адамға "Адам" деген куәлік бергенмен бірдей ғой.
Қандастарға Азаматтық берсе болды сол "Қандас" деген түкке пайдасы жоқ бір парақ қағаздың керегіде жоқ еді. Керісінше, Азаматтық алу үшін алдымен "Қандас" деген куәлікті алу керек деген пәтуә шығарып қойған, ал Қандас деген куәлікті алу үшін Қазақстанда "тіке туысқаның болу керек" деген тағы бір сұмдық заң шығарыпты, мұндай Қазаққа қастандық жасайтын, қитұрқы заңдарды кім шығарады ей, Әй мына 100-ге тарта депутаттың сол заңды талқылап жатқанда біреуі айтпай ма екен "бұл дұрыс емес" деп? Әй сонда Қазақстанда туысқаны жоқ Шетелдегі Қазақтар Қазақстанға келе алмай ма? Туысы жоқ болса Азаматтық ала алмайма? Бұл недеген әлемде жоқ сұмдық заңдар.
Бұл мәселе туралы осы жылдың басынан бері Гульнур Талим әпкеміз ватсаптан 7-8 топ құрып, осы мәселемен басы қатқан 7-8 мың халықты жинап, бір емес 6 рет баспсөз маслихатын өткізді, аудан, облыс, тіпті Астанада барып Министрліктерге дейін хат кіргізді, депутат Ермурат Бапи , Мақсат Толықбайды шақырып, халықтың мұң зарын жеткізді де, өтінді де, қолдарына құжатты ұстатты да, бірақ бұл мәселе әлі сол қалпында, сонда бір жапрақ Қандас куәлікті шеше алмай жатқан билік, қалай Азаматтық береді а? Ал Орыстарға мұндай талап жоқ, келеді Азаматтық алады, бұлар қалай ұялмайды?
Осы мәселе туралы жазамын деп жүргелі көп болды, маусым соңы хабарлас, емтиханды уһ деп бітіріп, Рождество ға демалып, қол босап, енді жазып отырмын, бүгін осы мәселе туралы (негізі 3 үлкен мәселе) Қазақстан парламент депутаты Қазыбек Иса ағамыздың атына Гүлнұр әпке екуміз хат жазып, астына осы уақытқа дейін бұл мәселелер туралы арыз жазған 440 адамның қолын жинап қосып, Парламентке өтініш.кз сайты арқылы жібердік, қабылдады, осы мәселені Қазыбек ағамыз аяғына дейін жеткізеді деп сенемін!
Қыдырәлі Оразұлы,
Фейсбук парақшасынан