2023 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫ - ҚАЗЫБЕК ИСА

2023 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫ - ҚАЗЫБЕК ИСА

Жыл депутаты номинациясы бойынша дауыс беру тоқтатылды. 

2023 жылдың “Жылдың үздік депутаты” атағына халық шешімімен ең көп дауыс алған Қазыбек Иса Жарылқасынұлы лайық деп танылды. 

“Ақ жол” партиясы депутаты Қазыбек Иса Мәжіліс мінберінен ұлттық құндылық, ел, жер және мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты өткір де өзекті тақырыптарды қозғап жүргенімен белгілі. 

Сауалнама нәтижесі бойынша екінші орынды “Аманат” партиясының депутаты Ринат Заитов иеленді. Мың дауыспен үшінші орында Республика партиясынан Руслан Берденов табан тіреді.

Дауыс беруге қатысқан халыққа рахмет айтамыз!

“ADYRNA” ұлттық порталы

2023 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДЕПУТАТЫН ТАҢДАҒАН ХАЛЫҚҚА МЫҢ АЛҒЫС!-Қазыбек Иса

Қадірлі халайық!

“2023 жылдың “Жылдың үздік депутаты” атағына халық шешімімен еліміз бойынша ең көп дауыс берілген Қазыбек Иса Жарылқасынұлы лайық деп танылды” деп хабарлады Фейсбуктағы “Шынның жүзі” тобында жалпыхалықтық дауыс беру сауалнамасын жасаған “ADYRNA” ұлттық порталы.

Бұл жерде мәселе бәйге, атақ, жүлде алуда емес, 

Халық өзі таңдаған қалаулы депутатын ешқандай бұрмалаусыз дауыс беруде қалай қолдай алатынын көрсетуде болып тұр.

Сондықтан осы еліміз бойынша жаппай дауыс беруге қымбат уақыттарын қиып, қалаулы тұлғасын жалаулы жеңімпазға айналдыруда зор еңбек сіңірген Сіздердің әрқайсыңызға да айтар алғысым шексіз.

Әділеттілік үшін тізе қосылған жерде жетістік, бірлік бар жерде тірлік, ынтымақ түбі - ырыс болатынын көрсеткен халыққа, әрқайсыңызға құрметім зор! 

Жаңа жылымыз жаңа табыстар мен жақсылықтар жылы болғай!

Тәуелсіздіктің Көк туы көкте мәңгі желбірей берсін!

Алла жар болып, Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

Зор құрметпен, “Жылдың үздік депутаты” - Қазыбек ИСА