ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҚАПТАП КЕЛУІ ҮШІН ЗАҢМЕН ЖОЛ АШУЫМЫЗ КЕРЕК!- Қазыбек Иса (видео)

ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҚАПТАП КЕЛУІ ҮШІН ЗАҢМЕН ЖОЛ АШУЫМЫЗ КЕРЕК!- Қазыбек Иса (видео)

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Көші-қон туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жұмыс тобының кезекті отырысы болды. Заңды талқылауда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі Қазыбек Иса қандастарға кедергі болып тұрған заңның бірнеше баптарына өзгерту енгізу туралы ұсыныс жасады. 

Бұл қоғамда талқыланып жатқан ұсыныстардың ең бастылары - қандастар арасында шу болып жатқан заңның 20 бабы 5 тармағын алып тастау және өз бетімен көшіп келушілерге жол ашу.