“ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨЛГІМ КЕЛЕДІ!”-деген Өзағаңның сөзін өзгертіп айтсақ, ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨМІР СҮРЕЙІК! - Қазыбек Иса (видео)

“ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨЛГІМ КЕЛЕДІ!”-деген Өзағаңның сөзін өзгертіп айтсақ, ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨМІР СҮРЕЙІК! - Қазыбек Иса (видео)

Өзбекәлі дәуірі басталды!

Биыл 9 желтоқсанда Астанадағы Ұлттық мұражайда әріптесім, әйгілі адвокат депутат Абзал Құспанның шақыруымен қазақтың біртуар қайраткері, ұлттың рухани сардары Өзбекәлі Жәнібек туралы “ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК. МӘДЕНИ МАЙДАН” кітабының тұсаукесеріне қатыстық. Авторлары С. Керімбек пен Әділбек Нәби. Ұлттық мұражайдың кең залындағы сыймай қалғандар аузы-мұрнынан шығып, аяғынан тік тұрып тұрған қаптаған халықты көріп, Торғайдан келген ақжаулықты апалар мен ақсақалды аталарды, жалындаған жастарды көріп, мінбеде қатты толқып, шабыттанып сөйледім. Бұл бір керемет рухани шара болды. Толықтырып алда жаза жатармыз. Әзірге сөзімнің видеосы мен фотосуреттер сөйлесін.





13 желтоқсан Алаш күні мен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қазыбек ИСА, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты