ӘЙЕЛДІ ҰРМА, САҒЫ СЫНАДЫ

ӘЙЕЛДІ ҰРМА, САҒЫ СЫНАДЫ

Бір газеттен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа экономикалық зорлық-зомбылық пен профилактикалық күш көрсетудің жататынын көзім шалып қалған. Бірақ сол індет күнделікті тұрмысымызға мықтап енеді екен деп ойламаппыз.  

Зорлық-зомбылықтың негізгі профилактикасы – заңдылық. Адамның азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беру, отбасын қолдау және сақтау арқылы біз оның алдын ала аламыз. 

Статистикаға сүйенсек, елімізде жыл сайын зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел көз жұмады екен. Алайда ресми деректер жұбайларына жәбір көрсететіндер санының соңғы 10 жылда одан да көп екенін айғақтайды. Былтырдың өзінде жанұядағы жанжалдан 480 қылмыс жасалған. Тәртіп сақшыларына 1700-ге жуық арыз түсіп, 700 әкімшілік хаттама толтырылған.

«Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет» деп есептейді Түркістан облыстық мамандандырылғыне дағдарыс орталығының мамандары. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. 

Зерттеулерге сүйенсек, оның басты себебі: маскүнемдік пен жұмыссыздық. Осындай жүгенсіздіктің салдарынан отбасылық жанжал туындайды. Жапа шегетін қоғамның әлсіз тобы – әйелдер. Ер адамдар бәр ашуын әйелдерінен алады. Яғни, жанжалдың тууына қатысы жоқ болса да, әйелі кінәлі. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарана былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.

Қазір де, өкінішке орай, зорлық-зомбылық әрекеттері тыйылар емес. Оған өзімізде де күнделікті куә болып жүрміз. «Әйелді ұрма, сағы сынады, баланы ұрма, бағы сынады» дейді дала тәмсілі. Ата-бабамыз әйелді де, баланы да ұрмай-соқпай-ақ ақылмен басқара білген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтық алдын алу мен жолын кесу – оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, түбірімен жоюға бағытталады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кейде миға психологиялық ықпал ету нысандары да болуы мүмкін. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін мемлекеттік органдармен және азаматтармен бірлесіп, өзара іс-қимыл жасау керек.  

Балнұр Қойшыбай,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті