Түркістанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қандай шаралар атқарылуда?!
2023 ж. 24 қараша
372
0

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқығын қорғау, құқықтық сана мен мәдениет қалаыптастыру, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық акт – «Неке және отбасы туралы» кодекс. Онда балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Балалар – қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет етеді. Сондықтан да мемлекет пен халықаралық қоғамдастық жалпы кәмелетке толмағандарды жеке топқа оқшаулаған. Балалардың құқығын қорғау – ел саясатының басты бағыттарының бірі. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, балаларды зорлық-зомбылықтан және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау – біздің мемлекетіміздің басты әлеуметтік міндеті. Оның шешімі сәтті болуы үшін мемлекеттік органдар мен мамандар – психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың үйлестірілген механизмі қажет. Баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жасөспірім заңға қайшы келетін жағдайларда аса маңызды. Сот бала құқығының бұзылғаны туралы азаматтардың арызын қарап, балаларға арналған мекемелерде балалардың құқығы қорғалатын-қорғалмайтынына қатысты мониторинг жүргізеді. Серік Оспановтың айтуынша, бала құқығы тапталғаны туралы әр азаматтың арызы жеке қаралады. Әрине, бұл орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басқаруымен жүзеге асады. Сот қызметкерлері мониторинг жүргізу үшін сәбилер үйін, балалар үйін, кәмелеттік жасқа толмағандар орталығын, әлеуметтік, ағарту және өзге де мекемелерді аралайды. Мұндай мониторингті жүзеге асыруда Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу механизмі мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі маңызды рөл атқарады. Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу механизмі мандатына кәмелетке толмағандарды, арнаулы оқу орындарын қоса алғанда, қамауда ұстаудың арнайы режимі, білім беру колониясы, кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау және қамау орындарында ұстауға арналған камералар, полиция учаскелері, психиатриялық және туберкулез диспансерлеріндегі балалар бөлімшелері, әйелдер үйі колониялары жанындағы балалар үйі кіреді.
Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:
– құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзкарастар құқықтық сана-сезімге әсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;
– қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тәртіп т.б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе, заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі – құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі – эвристикалық деңгей – құқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мәселені шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интеллектуалдық деңгей – жаңалықты ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің соңғы екі түрі Құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор әсер етеді.
Құқықтық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси және құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор әсер етеді. Себебі құықтық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар. Сондықтан құқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық айтарлықтай мол. Құқықтық сана-сезім өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді: Құқықтық идеология және құқықтық психология.Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, дамытады.
Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастыру.
Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері: Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербестігі болады. Әр жеке адамның сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы, орташа, нашар дәрежеде. Егерде топтың, басым көпшілігінің сана-сезімі өте жақсы дәрежеде болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керісінше, сана-сезімі нашар болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.
Осы әдіс-тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін, деңгейін білуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықгауға болады. Осылай қоғамның сана-сезімін реттеп, басқарып отыруға болады.Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана-сезім тағы да үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана-сезімі олардың рухани, парасаттылық, инабаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.Кәсіпқойлық құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесі де мол болғандықтан сана-сезімдері көпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан құқықтық нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды.Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана-сезімнің дәрежесін, деңгейін көтереді, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етеді.
Құқықтық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрі бірігіп құқықтық нормаларды өмірге әкеледі, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан-жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтық саналықтың деңгейі неғұрылым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртіп те жақсы дамиды.
Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.