ЕГІЗДЕР мен ҮШЕМДЕРДІҢ МЕКЕНІ
2023 ж. 21 қараша
211
0

Қазақ елі тұрғындарының саны 20% өскен.
Бұдан тура екі жыл бұрын жүргізілген санаққа сәйкес есебіміз 19 186 015 адамаға жетіпті.
Сөйтіп ҚР Ұлттық статистика бюросы 2009 жылғы санақтан бергі санымыз 20% өсті деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, үш аймақта тұрғындар есебі екі миллион адамнан асқан – бұл Алматы обл. (2 146 576), Түркістан обл. (2 054 021), сондай-ақ Алматы қаласы (2 030 285).
Оған қоса санақ аралығындағы кезеңде халықтың ең көп өсімі Астанада – екі есе (613 тыс. мыңнан 1 234 мың. Адамға дейін), бір жарым есе – Шымкентте (730 мыңнан 1 112,4 мыңға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мыңға дейін) байқалған.
Елімізде жұрттың қалаға ағылу құбылысы аңғарылады.
Санақ деректеріне қарағанда, қалалықтардың саны 56,1 пайыздан 61,2 пайызға артқаны көрінеді. Осыған сәйкес ауыл тұрғындары 43,9 пайыздан 38,8 пайызға дейін кеміген.
Әсіресе, Ана мен бала жағдайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті. Елімізде де қазіргі таңда ана мен бала құқығына, денсаулығына үлкен мән беріліп отыр. Жер-жерде көптеген орталықтар ашылып, бүлдіршіндер мен олардың аналарына қолдау мен көмек көрсетілуде.
Сондай әлеуметтік жағдайға ден қойып келе жатқан елді мекендердің қатарында Түркістан облысы да бар.
Қазіргі таңда Түркістанда әлеуметтік қамсыздандыру, тегін білім беру және ана мен бала денсаулығын дамыту мәселелері қаралып, сол үшін жағдай жасалуда. Мәселен, 2022 жылы Түркістан қаласында 120 орындық ана мен бала орталығы ашылатындығы жайында хабарланды. Сонымен қатар өңір басшылары балалардың құқығын, әлеуметтік жағдайын республикалық, облыстық деңгейдегі мемлекеттік емес ұйымдардың және БҰҰ-ның қорларымен байланыстыратындары жайында айтып өткен. Облыста «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия құрылған. Комиссия ана мен бала жағдайын ғана емес, бүкіл отбасылық жағдайларды қараумен айналысады.
Түркістан облысында көп балалы аналардың саны жоғары. Көп балалы отбасыларға көмек беру және ана мен бала денсаулығына, құқығына, біліміне аса мән берілуде.
Нақтырақ айтсақ, облыста орта білім беретін мектептерден бөлек, мектепке дейінгі балабақша саны да жетерлік. Ал жалпы алып қарастырар болсақ, облыс бойынша 1418-ден астам балабақша, жалпы орта білім беретін 910-нан астам білім ошақтары бар.
Мектептердің көп бөлігі ауылды аймақтарда орналасқан. Сонымен қатар Түркістан облысында 2025 жылға дейінгі даму жоспары айтылған болатын. Аталған жоспарда денсаулық сақтау саласына да көңіл бөлінген. Жоспар бойынша өңірде аурухана, ауысымды 500 адам қабылдайтын үш емхана, жедел медициналық жәрдем станцасы және ана мен бала қорғау орталықтары ашылу жоспарланған.
Түркістан облысы – баланың дүниеге келу көрсеткіші бойынша елімізде алдыңғы қатарлардың бірінде. Облыста тек бала көрсеткіші емес, егіздер мен үшемдердің дүниеге келуі бойынша да көрсеткіш өте жоғары. Еліміздің ертеңі – балалар екені бәрімізге айқын. Сол себепті ана мен бала құқығы Қазақстан Республикасының әр өңірінде мықтап қолға алынуы керек. Бала мен ананың денсаулығын, психологиялық жағдайын бақылайтын және олардың құқығын қорғайтын мекемелер санын көбейтіп, жұмысын жоғарылату қажет. Осы айтылған дүниенің барлығы Түркістан облысында да жақсы дамып, аналар мен балалар құқығы тапталмайды деген сенімдеміз.
Айтпақшы, Түркіста облысындағы тұрғындар санының өсімі, негізінен, осынжа дүниеге келген егіздер мен үшемдердің есебінен көбейгенін айта кетейік.
Аружан АЙДАРХАН