Қазыбек Иса - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Қазыбек Иса - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі, белгілі ақын Қазыбек Иса ҚР Президенті Жарлығымен “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды. 

Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов тапсырды. 

«Қазақ үні» Қазыбек Жарылқасынұлының салтанатты шарада айтқан сөзін ұсынады. 

***

Азаттыққа алғаш қадам жасаған Республика күні құтты болсын!

Ата-бабамыз аңсап өткен Азаттыққа алғаш айқын қадам жасаған аса маңызды құжат Мемлекеттік егемендік - Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған Республика күні құтты болсын!

Ұлттық мерекеміз күні ҚР Президенті Жарлығымен “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болдық!  

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен баспасөзіне сіңірген азды-көпті еңбегімізді елеп-ескеріп, бағалап жатқан мемлекетке көп рахмет!

Қазақтың зарын заңмен де, жырмен де қорғап, 

Ұлттық мүддемізді қолдап,

Елдің мұңын толғап, халыққа қызмет ете береміз!

Құттықтап, Ақ тілек айтып жатқан барша ағайындарға көп рахмет!

Бәріңізге Алла жар болсын деп,

Ақ жол тілеймін!