Қазақ тілін қолдаған АҚШ консулына сүйсінген бүкіл қазаққа Ауыт неге қарсы болды?
2023 ж. 01 қазан
14158
42

Қазақша сөйлемеген қазаққа виза бермеген АҚШ-тың Алматыдағы консулына бүкіл қазақ риза болып, сүйсініп жатқанда пиғылы нашар біреу ғана наразылығын жасыра алмай қалыпты. Иә, ауып сөйлейтін Ауыт атанған Мұқибек.
Ол журналист Оңғар Қабденнің «АҚШ елшілігіне орысша виза сұрап барған қазаққа консул "неге қазақша сөйлемейсің?" деп отказ беріпті. Сауап, ой, сабақ болыпты» деген сөзі мен ақын Қазыбек Исаның оны қолдап бөліскен постын скриншот жасап қойып: “Осы бір жазбаны депутат Қазыбек Иса ағамыыздан бастап бөлісіп, жүрекжарды сөздерін айтып, қуанып жатыр екен.
Ал, менің есіме қазақтың "Бұқа сүрсе, азбан сүйсінеді" деген мақалы түсіп кетті...”-деп, өзі жақсы көретін мақалын айтып, оттап отыр екен. Кезінде Қазыбек Иса жазған еді: “Ауыт Мұқибек “Нұротанның” есік алдында кеңес беретін кеңсе малайы болып істегенге бола, жүздеген ұлт зиялылары бастап, 130 мың азамат қолдаған, тіпті Максим Рожин бастаған елу шақты диаспора өкілдері де қол қойған, Президенттен Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен Ашық хатқа қол қоймай қойды. Екі-үш жылдан кейін қуалап жүріп, әйтеуір зорға келістіріп, тізімге атын қостық”-деп.
Ауыт акамыз әлі сол пиғылда екенін міне, тағы білдіріп қойып, маскасын шешіп, масқара болып отыр.
Оған, қазақ тілінің мерейін биіктегеніне сүйсінген бүкіл қазаққа күйе жағып отырған Ауыт Мұқибекті Қазыбек Иса бір ауыз сөзбен тағы да сұлатып түсіріпті:
-Қазақ тілінің қолдау тапқанына қазаққа қарсы алаяқтар ғана қарсы болады…
Ал бұқа туралы мақалды балдызына да бұқалық жасайтындар жақсы біледі…-деп, сойып салыпты.
Ал журналист Бақытбол Берімбай Ауытқа: “Сатқын, орысқұл шала қазақты қолдап отырсың ба?! Қазыбек Иса ағамды қолдаймын!”-деп, қақ маңдайынан бір-ақ соғыпты.
Одан бөлек журналист Оңғар Қабден «Ауыт Мұқибек сонда орыстілділердің шашбауын көтеріп отыр ма? Қазақ тіліне қарсы шыққаннның бәрі ұлттың сатқыны!» деп тіліп өтсе, тіл жанашыры Алтынбай Мұса “Ауыт-ау алдымен артыңды тазалап алсайшы біреуге әңгіме айтпас бұрын” деп жөнін тауып айтты.
Аузын ашса, авария болатын Ауыт байғұс тағы да ауыт кетті осылай!
Қасқырға таланған кәндендей өлетін болды шәуілдеп…
Мәмбет Құрманбаев,
Фейсбук парақшасынан