Ауыт Мұқибек ака сонша неден қорқады? - Бақытбек Қалмақбай

Ауыт Мұқибек ака сонша неден қорқады? - Бақытбек Қалмақбай

Ауыт Мұқибектің еліміз бен Қытай мемлекеті арасындағы азаматтардың ақпаратын өзара алмасу туралы қарсы постын көріп шықтық. Іле-шала Ауыт Мұқибектің қолдаушылары, шетел қаржыландыратын, атаманы мұхит асып қаңғып кеткен Серікжан Бияш болып табылатын, өздерін “Нағыз Атажұрт партиясы”- деп атап алған топтың бірнеше өкілі жиналып үндеу жариялағансымақ болыпты. Оның ішінде мектептерде дін сабағы өтілуі керек деп талап қойып жүрген, әдебиетті иманды әдебиет, имансыз әдебиет деп бөлетін Құл-Керім Елеместі де көзіміз шалып қалды. 

Келісім-шартты көрмеген, оның нақты механизімдерімен таныспаған Ауыт Мұқибектің ауа-жайылып жүргені, тіпті өзі депутат бола алмай мұрны тасқа тиген соң жаңа сайланған былайғы депутаттардың аузы сасық, іс әрекеттері сатқындық болып көрінетіні табиғи құбылыс. 

Әрине, біз де көрген жоқпыз аталмыш ақпарат алмасу туралы келісімді.

Бірақ келісім-шарт 4-5 айдан бері талқыланып сүзгіден өтті деп ойлаймыз.

Сондай болса да Ауыт акаға аталмыш келісімнің біздің елге де ықтимал пайдасы болар бірнеше тұсын баяндағанды жөн көрдік. 

Мысалы, Қытайдың Сауыт, Ауыт, Дауыт есімді ұлты ұйғыр азаматтары келіп қазақпын деп азаматтық алса, олардың шынайы ұлтын қалай анықтаймыз? 

Онсызда оларға азаматтық берейік деп жүрген “ойманбұлақтан ойы озбағандар” табылады.

Колледж бітірген бір алаяқ Қытайдағы өз ауылының мектебіне бөлінген қаражатқа қиянат қылып, ауылдастарын алдап ақшасын алып Қазақстанға қашып келсе, бұнда келген соң делдалдық жолмен артынан келген қандастарды қан қақсатса, жақсыларға ода арнап, отымен кіріп, суымен шығып жағынып, Ақорданың түбіне дейін жетсе, содан ары жұртты алдап ақша жиып депутат болғысы келсе, тіпті жолы болып сондай бір маңызды креслоға қолы жетсе не болады? Содан соң Қытайдағы ұйғырға азаматтық берейік деп парламент қабырғасынан талап қойса не болады?

Тіпті, анау Серікжан Бияш сияқты жансыздар елге көптеп келіп берекемізді кетіріп, алатайдай бүлдіріп, жұртты күнде көшеге шығуға үндеп жатса не болады?

Ауыт ака неден қорқатынын білмеймін, меніңше ішің ауырмаса қарбыз жеуден қорықпа деген бар, Ауыт аканың постына қарап отырсаң қазақта ұлттық мүддені қорғайтын тек өзі мен Серікжан Бияш ғана сияқты.

Ауыт аканың ақпараты онсызда анық, Қытайдағы ақша беріп Ауыт акаға алданған ауылдастары онсызда іздеп тауып алады. 

Бақытбек ҚАЛМАҚБАЙ, 

Фейсбук парақшасынан