Алматыда кимешек киген апалар хиджапқа қарсылық акциясын өткізді
2023 ж. 21 қыркүйек
2652
1

Әлеуметтік желіде кимешек киіп, көшеге шығып, ұран тастаған бір топ апаның видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біз хиджапқа қарсымыз. Бұл арабтардың киімі. Қазақтың аналары кимешек киген. Бұл 2-3 ғасырдан бері жалғасып келеді. Ұрпақтан-ұрпаққа берілген дәстүріміз. Мұның бәрі қазақ әйелінің тектілігін, ар-ұятының жоғары екенін көрсетеді», - дейді ортаға шығып сөйлеген апалардың бірі.
Акция барысында олар жас келінге кимешек кигізіп көрсетті.
Айта кетейік, кимешек – тұрмысқа шыққан әйелдің бас киімі. Кимешектің әйелдің бет-жүзін көрсетуге арналған ойығы бар, әйелдің иығын, омырауын жауып тұратын бөлігі болады.