Дулат Тастекей: Сенімділік пен қамқорлық – басты құндылығымыз
2023 ж. 09 қыркүйек
364
0

TAS GROUP - бұл Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің тұрғындарына қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын, серпінді дамып келе жатқан, компаниялар тобы. 2010 жылдан қарқынды дамып отырған TAS GROUP компаниялар тобының, қазіргі таңда, 50 филиалы бар. 13 жыл бойы қаржы нарығында қызмет етіп келе жатқан компания басшысы Дулат Тастекейді әңгімеге тартып, компанияның ерекшелігі туралы сұхбат құрдық.
- Ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сүйене отырып, сіз менеджмент пен басқаруға көп көңіл бөлесіз. Компания ішіндегі процестер қалай құрылатындығы мен корпоративтік мәдениет жайлы не айта аласыз?
- Біздің компанияның негізгі міндеттерінің бірі – қызметкерлердің жұмысы үшін қолайлы орта құру және корпоративтік мәдениетті насихаттау. Бізде әрдайым әртүрлі акциялар мен байқаулар, семинарлар мен дәрістер жиі өткізіледі. Әр жұма-барлық қызметкерлер үшін "Қазақша сөйле" дресс-кодының күні. Бесжүзден астам барлық компания қызметкерлері, «TAS GROUP Құрылтай» жыл сайынғы туған күнімізге жиналады.
Сондай-ақ, біз ESG* мәдениетін дамытудамыз. ESG – бұл кез-келген компанияның дамуына және қоғамдағы орнына деген көзқарасының айқын көрсеткіші. Өз клиенттерімізге ғана емес, сонымен қатар елімізге және планетамызға ерекше ілтипатпен қараймыз. Біз болашаққа сене отырып, ESG қағидаттарын бүгінгі тәжірибеге енгізуге тырысамыз, сол арқылы қазіргі және кейінгі ұрпақтың дамуына үлес қоспақпыз.
*ESG – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау (E – environment), жоғары әлеуметтік жауапкершілік (S – social) және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (G – governance).
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында қандай шараларды жүзеге асырудасыздар?
- 2022 жылдың соңынан бастап компания Harvard Business School-да онлайн оқыту бағдарламасын іске қосты, ал 2023 жылдан бастап қызметкерлер Skillbox, GeekBrains және SkillFactory сияқты танымал онлайн мектептері бар Lerna.kz онлайн платформасы арқылы оқудан өту мүмкіндігіне ие болды.
Биылғы жылдың басымдығы компания басшыларының басқару дағдыларын дамыту болып табылады. Осы бағытта жаңа және жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің өмірлік циклі бойынша ауқымды оқыту жүргізілді. Бұл ауқымды тренинг жұмысқа қабылдау процесін басқару сапасын арттыруға, бейімделуге, компания өміріне қатысуға, кәсіби өсуге және компаниядан кету жайында, теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтыған оқу. Тренинг нәтижесінде барлық басқару тобы сертификаттаудан өтіп, тәжірибеде қолдануға болатын білімдерін растады.
- Сізде қайырымдылық бағыты бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Жақында басталатын ASSYLTAS қорыңыз жобалары жайлы не айта аласыз?
- TAS GROUP компаниялар тобы адал, сенімді және ең маңыздысы ұлттық серіктес болып табылады. ASSYLTAS қоры арқылы біз қазақтың құндылықтары мен мәдениетін қолдап, әлеуметтік осал топтар мен мұқтаж жандарға көмектесеміз. Соңғы бес жылда жүздеген қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды. Семей қаласында, 500 миллион теңгеден астам қаржыға, орталық мешіт салынды. 2020 жылы, пандемия кезінде, қиын өмірлік жағдайға тап болған 200 отбасы көмек алды. TAS GROUP табысының басым бөлігі қазақ мәдениеті мен қазақ тілін дамытуға және сақтауға бағытталған іс-шараларға жұмсалады: дарынды спортшыларға, журналистерге, жазушыларға және ғалымдарға арналған ASSYLTAS стипендиясы; қазақтың айтыс өнерін дәріптеуге арналған Асыл домбыра конкурсын айтуға болады; Жақында Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазақ әдебиетінің ең талантты және ақылды әуесқойларын жинайтын, жыл сайынғы "100 өлең" байқауы басталады. Айтпақшы, бұл байқаудың басты жүлдесі – жаңа көлік. Толығырақ, оқырман қауым assyltas.kz сайты немесе біздің әлеуметтік желілерде таныса алады.
- Компанияның халықаралық деңгейдегі мойындалуы, тұрақтылығы қандай? Қаржылық рейтингтердегі жағдайларыңыз туралы айтып берсеңіз?
- Өкінішке орай, Қазақстанда әзірге МҚҰ-ның арнайы жергілікті рейтингтері жоқ. Дегенмен, кейбір ірі микроқаржы ұйымдары әртүрлі халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалауларына дербеc қатысады. TAS GROUP-та бұдан шет қалған емес. Мәселен, 2023 жылдың маусымында Fitch агенттігі TAS GROUP-қа тұрақты болжаммен «В» ұзақ мерзімді рейтингін берді. МҚҰ басқа да халықаралық рейтингтерден өтуді жоспарлап отыр. Бұл компанияның барлық тексерулерге дайындығын және өз компаниясының заң мен тұтынушылар алдындағы адалдығын көрсетеді.
- Жуырда Президент Қ. Тоқаев өз жолдауында банк секторының жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, банктер тұтынушылық несиелер үлесін арттырып, шынайы секторды, яғни, кәсіпкерліктің қаржыландыруды азайтқан. Осы орай өзіңіз басқарып отырған компанияның кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бойынша мәліметтеріңізбен бөлісе аласыз ба?
- Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту отандық экономиканың басым бағыттарының бірі болып табылады. Шағын және орта бизнес елдегі жалпы ішкі өнімнің 35,6% құрайды. 2022 жылы бұл көрсеткіш 3,2%-ға өсті. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 миллионға жетті, бұл 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда 31,6%-ға артық. Әрине, отандық бизнесті дамыту кәсіпкерлерге несиелеу мен қосымша қаржыландыруға қол жеткізу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында да айтты.
Отандық банктер қазақстандық бизнес үшін көптеген несие өнімдерін ұсынуға дайын. Бірақ олардың барлығы шағын, орта және микро бизнес үшін қолжетімді әрі қолайлы емес. Сондықтан олар микроқаржы ұйымдарына көбірек жүгінеді.
Кәсіпкерлер, әсіресе өсіп келе жатқан ұсыныс жағдайында, екінші деңгейлі банктерден емес, микроқаржы ұйымдарынан несиелеуді көбірек таңдайды. Негізгі артықшылығы - өтінімді қарастырудың қысқа мерзімі және сәйкесінше қаржыны шығару жылдамдығы. Банкте несие беру мерзімі үш айға дейін созылуы мүмкін, ал кәсіпкерге, шұғыл түрде тауарларға тапсырыс беру керек немесе айналымға, болмаса, айналым мен кеңейуіне қосымша қаражат қажет болуы ықтимал. Микроқаржы ұйымдарының қаражатын шығару әлдеқайда қысқа уақытты алады – орташа есеппен бір сағаттан үш күнге дейін.
Ай сайын бізге мыңдаған кәсіпкерлер жүгінеді. Біз олар үшін кассалық алшақтықтарды жабу, филиалдар мен өз өнімдерін кеңейту үшін икемді микрокредит берудің арнайы бағдарламаларын әзірледік, бұл ел экономикасына оң әсер етеді.
Менің атым Мұхтар, жеке кәсіпкермін, және бірнеше заңды тұлға болып табылатын компаниялардың құрылтайшысымын. Озімнің тәжірибеме қарап келесіні айтқым келеді: бизнес-процесс әрдайым тәуекелді және тез әрекет жасап шешім қабылдауды қалайды, бизнестің дамуына үзіліссіз қаржы салу (яғни инвестициялық капитал) орасан зор үлесін қосады.
Солай үшін әрдайым осы принциптерді ұстауға тырысамын. Бұл орайда мен үшін Шымкент қаласындағы Б. Момышұлы, 17 мекен-жайы бойынша орналасқан TASCREDIT компаниясының рөлі зор болды. Біріншіден ойлаған мақсатыңды тез арада орындауға мүмкіншілік бар, құжаттарды рәсімдеу мейілінше жеңілдетілген, және көп жағдайда компаниядан оз мәселеңді шешу үшін барынша қолдау аласын, екіншіден әрине бұл микроқаржылық компанияның қызмет көрсету сапасын жоғары бағалағым келіп отыр. Сыпайы күтіп алудан бастап жұмысыңды аяқтап компания кеңсесінен шыққанша барлық деңгейдегі қызметкерлерден қарапайымдылық пен жоғары қолдау аласын. Әсіресе компанияның осы бөлімшесіндегі Қайрат, Данияр, Тұрысбек сияқты қызметкерлерге алғысым үлкен!
Соңғы пікірлердің бірі
- Рахмет, Дулат мырза! Бүгінгі сұхбатымыз отандық қаржы нарығының хал-ахуалы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ауқымын қамтыды деп ойлаймын. TAS GROUP секілді қаржылық қызметімен қатар, халықтың мұң-мұқтажын ескеретін ұлттық компаниялар көп болсын деп тілейміз. Істеріңіз ілгері баса берсін!
- Рахмет, өздеріңізге де сәттілік тілеймін!
Сұхбаттасқан: А. Тасқараұлы,
Қазақ үні