Қажымұқан Ғабдолла: Тұрсыновтың экономикасы әлсіз елге қазақ тілі керек емес деуі - сатқындық

Қажымұқан Ғабдолла: Тұрсыновтың экономикасы әлсіз елге қазақ тілі керек емес деуі - сатқындық

...Нарынқолдағы қалың қазақтың арасынан шыққан марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың жерлесі, бауыры, досы Ермек Тұрсынов деген режиссер бар.

Қазаққа «жаны ашитын кейіпте ащы» сөздер қолданып, ақыл айтатын мақалалар жазады, «сұмдық» сұқбаттар береді, тіпті, арнайы кездесулер өткізеді...

Нәпақалық нанпұлын қайдан табады: Тель-Авивтен не Иерусалим­нен, немесе Мәскеуден, әлде, Вашингтоннан ала ма - оны білмедім...

Сол режиссер Ермек Тұрсынов - Нострадамусқа еліктеп (Нострадамус -көріпкел. Ұлты - француз. Толық аты-жөні - Мишель де Нотрдам Нострадамус. Оның «айтқан болжамдарының 95 пайызы тура келген» деседі. Ленин, Сталин, Гитлер сияқты жексұрындарды алдын-ала болжап кеткен көрінеді. Нострадамус - 62 жыл, 6 ай, 12күн өмір сүріп, 1556 жылы қайтыс болған), кеше былайша бөсіпті: «Қазақ тілі керек емес, егер мемлекеттің экономикасы әлсіз болса» депті. Не деген ауыр сөз!

1. Яғни, ата-анаң бай-бақуатты болса ғана керек, ал егер кедей болса, демек, керек емес. АҚШАСЫ ЖОҚ АНА — КЕРЕК ЕМЕС!

2. Немесе кішкентай балалар - әлсіз кезінде керек емес, тек есейіп күшейгенде ғана керек. 

3. Немесе мемлекет кедей болса, ана тілі керек емес, деп отыр ғой. Не деген сатқындық!

Еліміздің бай экономикасын - түк көрмеген тексіз иттер тонап, әлсіз еткені сияқты, бай тілімізді экономика әлсіз немесе материалдық байлыққа бола керек етпеу - адамның рухани кедейлігін және сана таяздығын паш етпей ме!?

Тоқетеріне Ардақ Әшімнің жазғанын келтіре кетейін: «менің отанымның эко­номикасы кедей болғандықтан, маған ана тілім - керек емес» деп, тек ниеті арам, өгей бала ғана ай­тады. Демек, алдағы уақытта еліміздің экономикасы көтеріліп, байып кетсе, кедей кезде керек етпеген анасын немесе «ақшаға бола, ана тілімді керек етемін» деген ниетте саудаласып отыр, мына саудагер! Есіңде сақта - қазақтың рухани дүниесі ешқандай материалдық өлшеммен өлшенбейді, ол - бәрінен биік! Экономикаға ана тілін сатып кететін опасыз, өгей асырандыны - тарих жадында сақтайды!».

Әкесінің қақ басының Нострадамусы... СҰМДЫҚ ҚОЙ!..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, 

Фейсбук парақшасынан