TAS GROUP: сенімді қаржы компаниясы
2023 ж. 03 тамыз
3094
5

TAS GROUP — 8 компанияны біріктіретін компаниялар тобы. Оның ішінде:
TASCREDIT — микроқаржылық ұйым;
Өбекстандағы TASFINANCE — автокөлік кепілімен берілетін микронесие;
TASEXCHANGE — шетел валютаны айырбастау;
AHTAS CONSTRUCTION — құрылыс компаниясы;
ASSYLTAS — қазақ тілін дамыту, қайырымдылық, демеушілік пен өңірлерді дамытумен айналысатын қоғамдық қор;
ZHETYSU AGRO CREDIT — ауыл шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу;
МӘСКЕУДЕГІ 38.RU — эксклюзивті көлік кепілімен берілетін микронесие;
ZHANUYA MED — көпсалалы медициналық орталық.
Компания 13 жылдам астам жұмыс жасайды (2010 жылда жұмысын бастады). Қазіргі таңда TAS GROUP компаниялар тобы — бұл:
50 ауқымды бөлім;
Ресей мен Өзбекстандағы филиалдар;
500-ден астам қызметкерлер;
45 млрд теңгеден астам несиелік портфель.
Компанияның миссиясы — инновациялық шешімдердің көмегімен мақсатқа жеткізетін қаржылық мүмкіндіктер ұсыну.
TAS GROUP жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық және инновациялық қаржы компаниясы болу мақсатын алға қойды.
TAS GROUP компаниясында қазақ тілін, мәдениетін құрметтейді, сондықтан ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы құрылып, қаржының үлкен бөлігі қайырымдылыққа, ұлттық мәдениеттің дамуына бөлінеді.
Миссиясы — инновацияға ден қойып, қазақ тілін қалың бұқара, іскерлік ортаның тіліне айналдыру, қайырымдылық жасау, құндылықтарды дәріптеу және ұлттық мүдде жолында еңбек ету.
2022 жылдың соңынан бастап компания HARVARD Business School (HARVARD Бизнес мектебінде) онлайн оқыту бағдарламасын іске қосты. Сонымен қатар, Lerna.kz, Skillbox, GeekBrains және SkillFactory сияқты танымал онлайн мектептерде қызметкерлерге оқу ұсынылған.
Корпоративтік мәдениет туралы айта келе, «TAS GROUP Құрылтай» қызметкерлерінің кездесуі жыл сайынғы дәстүрге айналғанын атап өткен жөн, онда барлық 50 филиалдан, оның ішінде шетелден келген қызметкерлермен бірге үлкен команда жиналады.
2023 жылдың маусымында Fitch халықаралық агенттігі TAS GROUP-қа "B" деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін берді. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
Fitch ұлттық шкаласы бойынша компанияға "BB(kaz)"/"Тұрақты" болжамды және "B" басым қамтамасыз етілмеген ұзақ мерзімді/"RR4" рейтингін берді. Айта кету керек, барлық МҚҰ халықаралық рейтингке ие емес.
"Тұрақты" болжам: TAS GROUP кірістілігі соңғы жылдары жақсы тұрақты деңгейде болды және активтердің сапасы бизнес көлемінің қарқынды өсуі аясында қолайлы болып қала берді. Макроэкономикалық қиындықтарды, соның ішінде пайыздық мөлшерлемелер, инфляция және тұтынушылардың қолжетімділігі тұрғысынан шартты қысымды жеңе алуы керек деген пікірін көрсетеді.