Цифрлық оқыту TopIQ.kz платформасы
2023 ж. 06 шілде
1115
0

Білім беру жүйесінде жаңаша оқыту барысында цифрлық оқыту заман талабы. Цифрлы оқы ту барысында мұғалімге көмекке онлайн ресурстар, платформалар көмекке келеді. Оның ішінде ең ұтымдысы, ең пайдалысы TopIQ платформасы деп айта аламыз. Толыққанды ойластырылып жасалған платформа оқушы үшін де мұғалім үшінде тиімді. Сабақ бере отырып, оқушыларды қадағалай аламыз. Оқушылар үйге берілген тапсырмаларды орындап, қатемен жұмыс жасай алады.
Қазіргі уақытта баланың қолынан телефон түспей, видео көргенше, сол телефоннан сабақ оқығаны өте дұрыс. Сабаққа қатысты қызықты тапсырмаларды орындап, білімін жетілдіре алады. Сондықтан балалардың уақытын тиімді өткізуіне өте керекті платформа. Біздің Жаңақала ЖОББМ мектебінде мұғалімдеріміз осы платформаны қолданып сабақ беруде. Барлық оқулықтар Оқу-ағарту министрінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы.
Тоpiq.kz – 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. Мектепалды сыныптарында TорIQ платформасын пайдалануда математика негіздері, сауат ашу негіздері, қоршаған ортамен танысу оқулықтары бар, тақырыпқа сәйкес қосымша әр түрлі тапсырмалары қарастырылған. Электронды оқулықтар, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Осы орайда, Қазақстанда алғаш рет енгізілген «Алматыкітап баспасы» оқушыларға ыңғайлы болу үшін электронды оқулықтар Web платформасы. ТopIQ.kz электронды оқулықтар Web платформасы оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарға пайдалануға өте қолайлы.
Цифрлық білім беру ресурстарын оқушылар өз бетінше жаңа ақпарат жинақтау мен ізденіс барысында оңай пайдалана алады. Цифрлық білім беру ресурстары білім беру ұйымдарындағы оқытушылар үшін оқу мақсаттарын жүзеге асыру мен материалдарды жинақтауда таптырмас мүмкіндік.
Гүлмира Тулепова,
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі