ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі! Ол Ораза айттан 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл мейрам күндері мұсылманның бес парызының бірі - Ұлы Меккеге зиярат сапарымен аяқталады.

Құрбан Айт күндері шамасы келген, мүмкіндігі бар мұсылмандар Аллаға арнап құрбандық шалады, мал сояды. Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, ірі қара, түйе сойылады. Жылқы сойылмайды.

Қазақ Елінде мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі демалыс күні болып бекітілген.

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27 маусымға, сәрсенбінің сәтті күніне тура келіп тұр.

Дін Мұсылманның Қасиетті мерекесі Құрбан айт құтты болсын! 

Алладан тілеген барлық ықылас-ниеттеріңіз бен бағыштаған дұғаларыңыз, жасаған ізгі, иманды, сауапты амалдарыңыз және шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! 

Алла жар болып, ата-баба аруағы риза болсын!

Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қазақтың Көк Туы көкте мәңгі желбірей берсін! 

Еліміз өрде, тіліміз бен дініміз төрде, ұлтымыз мықты, жұртымыз құтты бола бергей!

Тәуелсіз Қазақ Елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт дәуір, берекелі де, мерекелі заман бола беруін тілейміз!

Әрдайым алдымыздан Ақ жол ашыла бергей!

Баршамызға бір Алла шексіз рахымы мен мейірін төгіп, жаратқан ием жар болсын!

Қасиетті Құрбан Айтымыз қабыл болсын!

Құрметпен, Қазыбек ИСА