БАЛБӨБЕК БҮЛДІРШІНДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАЛАЙ БАУЛИМЫЗ?
2023 ж. 12 маусым
707
0

Авторымыздың Тіл саясатын дамыту, Қазақ тілін сіңіру, Оқу мәдениетін насихаттау, Тәрбиешілердің шеберлігін арттыру, сондай-ақ педагогикалық әдістеме тақырбы қамтылатын төмендегі материалын оқырман назарына ұсынуға асықтық.
Әрбір баланың өзіндік ерекшелігі мен еркіндікті мүмкіндігінше қалай пай- даланатынына орай оларды оқыту мен тәрбиелеудін тәсілдерін ашқан гуманизациялық білім беру саласы. Мектеп түлегінің қоғамның бір мүшесі ретінде өзінің ана тілімен қатар ағылшын, орыс және басқа тілдерді мүмкіндігінше білуге құқығы бар. Орыс мектептерінде мемлекеттік тіл – қазақ тілін толық меңгеруге міндетті болғанымен, бұл міндет көптеген мәселелерді шешумен байланысты екені даусыз. Сондай міндеттердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тілін меңгеруге дайындау. Бұл жастағы балалар адамға тән қасиеттердің негізін дерлік үш пен алты жастың аралығында қабылдап үлгереді.
Біз мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін меңгерудегі даярлығын педагогикалық тұрғыдан да төмендегідей теориялық негіздеріне байланысты қарастырдық:
■ мектепке дейінгі кезеңде балалардың шығармашылық белсеңділігі пайда бола отырып, танымдык іс-әрекеті ойьш арқылы және шығармашылық қарым- катынаста айқындалады.
■ балалардың ана тілін және шет тілін толық меңгеруінің негізі қимыл және бейне көрнекілігі мен сөздік-логикалық әрекеттер арқылы танымдық мақсатын айқындайды.
■ мектеп жасына дейінгі шақта-ақ балалардың сөйлеу қабілеті қалыптасьш үлгереді, әрі тілді меңгерудегі негізгі танымдық мақсатына сай шығармашылық белсенділігінің күштілігі назар аударады.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп шағындағы балалардың казақ тілін меңгеруіндегі негізгі деңгейлер:
■ танымдық қызығушылықтың туындауы;
■ баланың пнтеллектуалдық іс-әрекетіндегі ойлау, сөйлеу және қиял-елес денгейлерінің бірізділігінің қалыптасуы;
■ баланың бірнеше тілді меңгерудегі ерте айқындалатын қабілеті;
■ тілді меңгерудегі шығармашылық қатынасының тұрақты қалыптасуы;
Жалпы алдын-ала зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталған жәйттер:
■ мектепке дейінгі орыс тіліндегі мекемелерде мүмкіндігінше сәбилер тобынан бастап қазақ тілін үйренуге баулу жұмысын енгізу қажеттілігі;
■ мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқыту әдісін жинақтап құрастыру осы кезеңдегі тілдік дағдылар бейімділіктен символизмге дейін іс-әрекетіне лайық болуы тиіс;
■ әрбір баланың қазақ тіліндегі шығармашылық белсенділігінің артуы нәтижелі жетістікке жету жолындағы өзіндік ізденіске ықпалын тигізуі.
Біздің елімізде қазақ және орыс тілдерін қатар үйренуді мектепке дейінгі кезеңнен бастау мәселесі өмір талабынан туындаған құбылыс. (Тіпті, сонау 1987 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде қазақ тілін оқып-үйрену енгізіліп, бұған педагог ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдер өз үлестерін қосып, бірқатар жақсы жетістіктерге қол жетті).
Замана талабы өсіп келе жатқан жеткіншектеріміздің алатын білімі мен тәрбиесінің мақсаты мен міндетінің айқын болуын, білім нәрімен сусындататын мұғалімдеріміздің жұмыс мазмұнын түбегейлі жаңашаландыруын бағыттап отыр.
Мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық және психологиялық жағынан жетілу ерекшеліктерін қарастырғанда бұл кезеңде оның ағзасының дамуы тез де үдемелі, әлсіз де нәзік болғанымен, қимылдауды, ойлауды, сөйлеуді меңгереді. Сондай-ақ осы кезеңдегі бала ортаның ықпалын тез қабылдағыш, оңай әсерленгіш келеді, әрі ми қатпарлары шартты байланыстар тұрақтылығымен және орталық жүйке жүйелерінің икемділігімен ерекшеленеді. Сондықтан да баланьщ осы кезеңде қабылдағаны бүкіл өміріне, сана-сезіміне, мінез құлқына мәңгі із қалдырады. Өмірден алғашқы алған әсерлері бойына сіңіп, сана-сезімінің қалыптасуы адамдармен тіл арқылы қарым-қатынаста жүзеге асады. Осы кезде игерілген рухани байлық баланың өмір бойына із қалдырып, дұрыс жетілуіне негіз болса, сол рухани байлықты толықтыратын тіл байлығы болып табылады.
Бес жасқа қараған балалардың тілді игеру бейімділігі жетіліп, барлық дыбыстарды дұрыс айтуға бейімделіп, лексиканың түрлі формаларын пайдалана алады. Бұл кезде табиғат құбылыстарына сәйкес сөздік құрамының морфологиялық құрылысы өзгеріп, тілінде жайылма сөйлем көрініс табады, әрі байланыстыра сөйлеудің элементтері қалыптаса бастайды. Орыс балабақшасында балаларды қазақ тіліне үйрету, сөздік қорын дамыту жұмыстары бағдарламада көрсетілген тақырыптар негізінде айналадағы өмірден көрген-түйгені туралы қазақша айтқызу, басқалармен қазақша сөйлесу арқылы іске асады. Мұнда бес жасар балаларға қазақ тілінде ауызекі сөйлесе білудің қарапайым түрлерін меңгерту және заттардың атын қазақша дұрыс айтуға үйрету, жекелеген з, о, у, ү, і, к, г, н, п дыбыстардың айтылу ерекшелігін түсіндірумен бірге оларды дұрыс айтуға төселдіру көзделеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін меңгерудегі шығармашылық белсенділігін арттыруға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану тиімді. Мысалы, ертегіні драмалау жұмысына ересек және мектепке даярлық топтың балалары қатысып, қалаған ертегіні кейіпікерлендіргенде сөзін жатқа айтып, қаһарманның мінез-құлқын, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіге қажетті киім жасауға көмектеседі. Осы әрекеттер үстінде олардың тілге деген қызығушылығы арта түскені байқалады.
Магнитофонға көркем сөз шеберлерінің орындауындағы, радио арқылы берілетін ертегілерді жазып алып балаларға алдын ала тыңдатқанда олардың алар әсері ерекше. Осындай ертегінің мазмұнын балаға толық қабылдату әрі тіл байлығын арттыру мақсатында түрлі көңіл көтеру ойындарын да ұйымдастыруға болады. Мәселен, түрлі ойыншықтармен ойын көрсету. Ойыншықтар ойынында қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы ертегінің мазмұны кайталанады. Ойыншықтардың атына сәйкес алдын ала үйрететілген тақпақтар сергіту жаттығуларын айта отырып, бейне көрнекілігін, қимыл көрнекілігін, сөздік-логикалық әрекеттерді танымдық мақсаттың қорытындысы ретінде қолдануға болады.
Балалардың қазақ тілін үйренудегі шығармашылық белсенділігінің маңызы зор. Олармен өткізілетін әр сабақ тартымды, қызықты өткізілсе, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып сүйіспеншілік сезімін оята білсе, баланың тілге деген белсенділігі арта түседі. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциясын дұрыс айтқыза отырып, сөздік қорды толықтыруға мән беруіміз керек.
Кейбір балабақшаның орыс топтарында қазақ тілін оқыту бүлдіршіндердің шығармашылық белсенділігін шыңдау мақсатында өтіледі. Оған мысал ретінде даярлық тобында өткізілген қорытындылау сабағының үлгісі назар аударарлық. Мұндай сабақтың мақсаты: қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін бейнелеу арқылы балалардың санасына малдың адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін сіңіру. Балалардың танымдық іс-әрекетін қимыл көрнекілігі, бейне көрнекілігі және сөздік-логикалық әрекеттер арқылы қорытындылау. Сөздік қорды молайтып шағын сөйлем құрап, грамматикалық үлгіде дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Нешінші деген сұраққа жауап беріп, сандарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Қолданылған әдіскерлік тәсіл – түсіндіру, қайталау, көрнекілік, сұрақ-жауап, бейнелеу, ойын, сергіту жаттығулары.
Пайдаланылған көрнекі құралдар: дыбыстық сағат, жыл басына таласқан жануарлардың бет пердесі. Сөздің құрамында «Қ» дыбысы бар заттар: ойыншықтар, қобыз, магнитофон, телефон, жыл мезгілдерінің суреттері.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарың қалай (жақсы).
– Өзіңіздің қалыңыз қалай? (қалым жақсы, бірақ кішкене басым ауырып тұр).
– Сіз шай ішіңіз, дем алыңыз, жатыңыз, дәрі ішіңіз, Сіз дәрігерге барыңыз.
– Рахмет, сендердің айтқандарыңды орындаймын, дәрігерге барамын.
– Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі).
– Кеше қай күн болды? (сейсенбі).
– Ертең қай күн? (бейсенбі).
– Дұрыс айтасыңдар.
– Жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі).
– Жылдың мезгілдерін атаңдаршы (көктем, жаз, күз, қыс).
Телефон шырылдайды:
– Дети, кто-то к нам звонит (Балалар, бізге біреу телефон соғып тұр).
– Лена, телефонды алып, тыңдашы? (диалог).
– Сәлеметсің бе, балам! (сәлеметсіз бе, ата).
– Атың кім? (Лена).
– Жасың нешеде?(жасым алтыда).
– Сен қайда келдің? (мен балабақшаға келдім).
– Жақсы, қалың қалай, балам? (тамаш, ата).
– Ата, сіздің қалыңыз қалай?
– Рахмет, жақсы балам.
– Дети, вы узнали кто к нам звонил? (Балалар бізге телефон соққан кім екен?).
– Иә, ол ата. Балалар өткен сабақтарда айтылған Қорқыт ата туралы әңгіме естеріңде ме? Сол Қорқыт ата бізге телефон шалып тұр.
– Давайте, трубку положим, голос услышали мы все.
Магнитофондағы дауыс:
(Я Коркыт ата, хозяин сказочного мира и добра. Приветствует вас. Чтобы попасть в сказочный мир доброты, вы должны рассказать казахскую народную сказку на казахском языке).
– Вы хотите быть добрым как Коркыт ата?
Давайте ему расскажем сказку.
Как-то попросили животные о том, кому должен принадлежать первый год.
Сиыр сөйлейді :(бетперде киген бала):
– Адам сүтімді ішеді, құрт-май жасайды. Жыл басы мен боламын!
– Балалар, сиыр дұрыс айтып тұр ма?
– Иә, дұрыс айтады.
– Сиыр не береді? (сүт, май, ет, ірімшік, қатық, құрт, тері, айран).
– Корову как подозвем? (аухау-аухау).
Жылқы айтады:
– Мен алысты жақын етемін. Күшімді пайдаланады. Сүтімді, қымызымды ішеді. Жыл басы мен боламын.
– Балалар, жылқы дұрыс айта ма?
– Иә, дұрыс айтады.
– Жылқы не береді? (қазы, қарта, ет, сүт, қымыз).
– Жылқыны шөп, жем, су бергеңде не деп шақырамыз? (құрау-құрау).
Түйе айтады:
– Мен көде, жусан, жантақ жеймін. Мен шөлге шыдамды жануармын, жыл басы мен боламын.
– Түйе не береді? (шұбат, жүн, ет).
– Түйені қайтіп шақырамыз? (Көс-көс).
Қой айтады:
– Мен болмасам киіз үйді немен жабар еді. Жүнімнен киіз басады. Киім тігеді, арқан, жіп еседі. Мен боламын жыл басы.
– Қойды қалай шақырамыз? (Пұшайт-пұшайт).
Ит айтады:
– Мен болмасам малдарыңды не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Аф-аф.
– Тышқан не айтарын білмей біраз тұрады да бір қулық ойлап:
– Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жүріңдер қарап тұрайық. Кім күнді бірінші көрсе, жыл басы сол болсын, – дейді.
Бұған, әсіресе, түйе ерекше қуанды, өйткені ол өзінің бойына сеніп, тышқанды қостайды.
– Вот, все повернулись к востоку и стали ждать. И вдруг раньше всех закричал мышь.
– Күн! Күн! Ол түйенің құлағының ұшына шығып алған екен. Амал жоқ, жыл басы тышқанға беріледі. Начало отдали мышу. А верблюда за его ротозейство совсем лишили года.
Сонымен жылдың реті былай болады: 1. Тышқан. 2. Сиыр. 3. Барыс. 4. Қоян.
5. Ұлу. 6. Жылан. 7. Жылқы 8. Қой. 9. Мешін.10. Тауық. 11. Ит. 12. Доңыз.
Магнитофондагы дауыс:
– О, бәрекелді балалар! Сендер жақсы кейіпкер бола алдыңдар. А вы умеете спеть песню и знаете ли вы игру про медведя? Санамақ ойынын балаларға айтқызып, аю кейпінде бала шығады.
Аттым, баттым,
Тұрдым, жаттым.
Фуф-суф, шаршадым – ух.
Ойын:
Қорбаң-қорбаң қорбаңбай,
Келе жатқан аюға
Кәне, таяқ дайында.
Қатар-қатар тұрайық,
Былай-былай ұрайық!
(Аю балалардан қашып, ұйықтап қалады).
– Аю, аю ұйықтама.
Аю, бізді жоқтама.
– Қошақаным туралы өлең айтайық.
Магнитофоңдағы дауыс:
– Жақсы, а сейчас дети подойдите к сказочному коржуну и раскройте его тайну.
– Қоржынды іздеп тауып келіңдер.
– Қане, балалар құпиясын ашайық . Қоржынның ішінде «Қ» дыбысы бар заттар, ойыншықтар, ыдыстар, киімдер.
(Қоян, қонжық, қасқыр, бақа, шанышқы, қасық, тақия сияқты ойыншықтар, карындаштар, қой, қозы, лақ, құлын, құрт, т.б. бар екен). Қоян ойыншығын көрсеткенце сергіту жаттығуын орындайды.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
– Балалар, қоржын кұпиясын айтыңдаршы!
В каждом слове звучит какой спе- цифический звук казахского языка? Звук «Қ» заднеязычный. (Екі-үш рет қайталау).
Бақа ойыншығын көрсеткенде «Бақа» туралы ән айтылады. Ұлттық аспап қобызды көрсетіп, қобыздың сүйемелдеуімен музыкалық шығарма тыңдату.
Қоржынның ішінде конверттегі жұмбақты балаларға шештіру керек.
Қар сияқты аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ.
(қант).
Қонса аяғы көп,
Ұшса аяғы жоқ.
(ұшақ)
– Я вас внимательно слушал. Вы многому научились в изучении казахского языка, который принесет вам много добра. Рахмет, балалар, сау болыңдар.
(Сау болыңыз, ата).
– Сендер маған да бүгін ұнадыңдар. Сендермен өлең айттық, ойнадық, ертегі айттық, білгенімізді қайталадык, қобызың үнін тыңдадық. Рахмет, балалар. Осымен сабақ бітті, сау болыңдар!
Хапиза НАУБАЕВА,
профессор, психология ғылымдарының докторы