Ұлдары парамен ұсталған Жигули: «Мен неге Мәжілістен кетуім керек?!»
2023 ж. 12 сәуір
1980
0
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына шығарылған үкімге қатысты алғаш рет пікір білдірді деп хабарлайды Qazaquni.kz тілшісі.
"Мен мұны өте жоғары бағалаймын. Әрине, менің балаларым да әділдік үшін күресіп жатыр, сондықтан мен неге Мәжіліс депутаттығынан кетуім керек? "Ауыл" партиясы мені ұсынды және менен көп үміт күтеді", - деді ол.
Бұған дейін депутаттың әріптестері оны қолдаған болатын.
"Жигули Дайрабаев ұлдарына шыққан үкімге байланысты мандатынан бас тартпайды. Мен фракцияның ұстанымын білдіремін: біз оны ешнәрсеге кінәлай алмаймыз", - деді депутат Анас Баққожаев.
Одан кейін ол Дайрабаевтың ұлдары кәмелетке толғанын және өз істеріне өздері жауап берулері керектігін баса айтты.
Еске салайық, 7 сәуірде Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары шартты түрде сотталды - олардың сатып алынған құлпынай көшеттері үшін мемлекеттен алған субсидияның бір бөлігін ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны айтылған. Мемлекетке келтірілген шығын 550,8 млн теңгені құрады.