Қызылжардағы жағдай - Ұлттық қауіпсіздік комитеті кімдерге қарсы күреседі?

Қызылжардағы жағдай - Ұлттық қауіпсіздік комитеті кімдерге қарсы күреседі?

Қызылжардағы қып-қызыл от ұшқыны шашылған қылмысқа билік неге үнсіз қарап отыр?!! 

Биыл 19 наурызда, еліміз бойынша Парламент сайлауы өтіп жатқанда Петропавл қаласында 19 адамнан құрылған сепаратистер “Народный совет” ұйымын құрып, Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялаған.

Бұл енді нағыз дабыл қағып, шұғыл қатаң шара қолданар жағдай! Одан бері жарты ай өтті - жайбарақат біздің құқық қорғау органдары!

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қайда қарап келген тағы да?!.


Бас прокуратураның басы ауыратын түрі жоқ! Желілерде желдей ескен хабарларға неге мәлімдеме жасамайды?!.

Тек Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінен “қылмыстық іс қозғалды” деген болар-болмас бірер сөйлем бүгін ғана қылаң беріп қалды…

ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары осы аса қауіпті мәселеге байланысты Бас прокуратураға хат жолдадық.

Тәуелсіздікке, мемлекеттік тұтастыққа қарсы шығып, Конституцияны бұзған 19 сепаратист түгел қатаң әділ жазаға тартылуы керек!

Ең ауыр, ең қауіпті қылмыс- Тәуелсізке қарсы шығу, Қазақстанның тұтастығына қарсы шығу әрекеттері! Қазақстанның біртұтас, унитарлы мемлекет екені тайға таңба басылғандай анық жазылған Конституцияға қарсы шығу! Ал осы қылмысқа барған 19 сепаратист жайбарақат шәйін ішіп үйлерінде отыр. Ал Ұлттық Қауіпсіздік комитеті алдын алуы тиіс сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескен Марғұлан Боранбай біреулердің арыз жазуымен сотталып, екі-үш жылдан бері тастүрмеде жатыр…

Сонда Ұлттық қауіпсіздік комитеті кімдерге қарсы күреседі?

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні