ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАЙТЫНДАР ЕКЕУ БОЛДЫҚ - Мақсым Рожин

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАЙТЫНДАР ЕКЕУ БОЛДЫҚ - Мақсым Рожин

Кешелі-бері Парламент Мәжілісі депутаты болуыммен құттықтаған халықтың ақ тілегі ағылып жатыр! Аллаға сансыз шүкірлік! Артылар жүктің салмағы да ауыр! 

Мәжілістегі депутаттар да бір-бірін құттықтап жатыр. Маған ең қатты ұнағаны- Мақсым Рожин бауырымның құттықтауы болды!

-Құтты болсын Қазыбек аға! Мемлекеттік тіл үшін күресіп жүрген сіздің қайта депутат болғаныңызға қатты қуаныштымын! Біз де қасыңызға келдік. Енді Парламентте Қазақ тілін қорғайтын екеу болдық аға!-деп күлімдегенде Арыстың алтынсары баласы күндей жарқырап тұрды.

Мақсым бауырымды құшақтап, бауырыма тарттым!

Біздер бастап, Рожиндер қостап, Мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдайтын күн де алыс емес.

Бүгін Мәжілісте ант қабылдағанда бір-екі сөйлемді тілін бұрап, зорға сөйлеп, жат тілдік акцентпен ақсап тұрған қазақтар мен қазақ тілін майын тамызып тұрып айтқан Мақсым Рожиндердің бейнеролигі бекер тарап жатқан жоқ…

Барлық Мәжіліс депутаттарына алдағы ауыртпашылығы мол, жауапкершілігі зор парламенттік майданда парасаттылық пен біліктілік, Тәуелсіздік пен Ұлттық мүддені қорғауда қайтпас қайсар табандылық, бірлікке негізделген жемісті тірлік тілейміз!

Алла жар болсын!

Ақ жол!

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні