54 әкім, 8 комитет төрағасы, 1 жауапты хатшы орындарын босатады...(жаңартылды 29.05.2013.)

«А» корпусы аламаны: аттан құлағандар аз емес...

Бес күнде үштен бірінен астамы сүрінді...

Дүбірі елді елеңдетіп отырған  элиталық мемлекеттік қызметкерлерді іріктейтін  А корпусы аламаны басталды. 2013 жылғы 15 мамырда тестілеудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша 146 кандидаттың 103-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 43 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 29%-ы өтпеді. 16 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 141 кандидаттың 86-і Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 55 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 39%-ы өтпеді. 17 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 148 кандидаттың 100 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 48 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 32%-ы өтпеді. 18 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 150 кандидаттың 99 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 51 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 34 % өтпеді. 19 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 166 кандидаттың 113 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 53 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 32 % өтпеді. 2013 жылы 15-19 мамыр аралығында қайта тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 751 кандидат «А» корпусының кадр резервінен, оның ішінен 501 кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 250 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 33% өтпеді. Сөйтіп, әлиталық мемқызметкерлерге іріктеудің бес күнінде үштен бірінен астамы сүрінді... Арасында әкімдер де аз емес...

Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу 2013 жылдың 27 мамырына дейін созылады. Тестілеу кестесі, номативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бұдан ерте хабарланғандай, кандидаттар он Қазақстан Республикасының заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет. А корпусы аламаны жайлы алда да нақты мәліметтермен күнделікті хабар беріп отыратын боламыз.  

 Дүйсенбіде кандидаттардың жартысына жуығы құлады...

20 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 167 кандидаттың 92 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 75кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 44 % өтпеді. Яғни, жартысына жуығы құлады. 22 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 169 кандидаттың 115 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 54кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 31 % өтпеді. 23 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 165 кандидаттың 98 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 67кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 40 % өтпеді. Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді. Тестілеу кестесі, номативтік-құқықтық актілер тізбесі, сондай-ақ "А" корпусының кадр резервіне іріктеу ережесі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бұдан ерте хабарланғандай, кандидаттар он Қазақстан Республикасының заңын білуіне компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.

www.qazaquni.kz

Жексенбіде де А корпусына  кандидаттардың жартысы құлады... 

     25 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 162 кандидаттың 99 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 63кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 38 % өтпеді.

26 мамырда тестілеудің өткен қорытындысы бойынша 47 кандидаттың 25 Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуді табысты тапсырды. Заңнаманы білуіне шекті мәннен 22 кандидат немесе тестілеуге қатысушылардың жалпы санынан 46 % өтпеді. Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

ӘҢГІМЕЛЕСУ ӨТКІЗУ ҮШІН СҰРАҚТАР МЕН БИЛЕТТЕР

Сұрақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі үш блок бойынша дайындалған (қоса тіркеледі): 1)      кандидат туралы, оның ішінде ағымдағы жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерінің сипаты туралы, оның қызметіндегі негізгі жетістіктері туралы жалпы ақпарат алу; 2)      қоғамдық қызметке қатысуын және кандидаттардың мемлекеттік қоғамдық-саяси құрылымын, оның даму стратегиясын білу деңгейін анықтау; 3)      «А» корпусының кадр резервіне кіру себептері мен ұғынуын анықтау; мемлекеттік қызметтің қоғам, мемлекет үшін маңыздылығын ұғынуы, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар мен даму перспективаларын түсінуі; кандидаттардың этика мен құндылық бағдары, олардың ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері, мінез-құлқы. Әрбір блокта 30 сұрақтан. Билет мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір блоктан үш сұрақтың бірін кездейсоқ таңдау әдісі арқылы қалыптастырылады. Әрбір сұраққа толық және ашық жауап беру, мысалдар келтіру қажет. Кандидат өз қалауы бойынша тілді айқындайды және билетті таңдайды. Билеттер өңірлік комиссияның хатшысымен араластырылады.    

ОБЛЫСТАРДЫҢ, АСТАНАНЫҢ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ КАДР КОМИССИЯЛАРЫНДА ӘҢГІМЕЛЕСУ ӨТКІЗУ ҮШІН СҰРАҚТАР

  БІРІНШІ БЛОК   1.      Сіздің функционалдық міндеттеріңізге не кіреді? 2.      Сіз соңғы жұмыс орнын таңдауда қандай өлшемдерді басшылыққа алдыңыз? 3.      Сіздің алдағы кәсіби мақсаттарыңыз қандай? 4.      Сіз алдағы мансаптық өсу үшін мүмкіндіктеріңізді қалай бағалайсыз? 5.      Атқаратын лауазымыңызда сіздің кәсіби идеяларыңыздың іске асырылу мүмкіндіктеріңіз қандай? 6.      Оңтайлы жұмыс атмосферасы қандай болу қажет? 7.      Сіз орындайтын жұмыс сапасына байланысты сын мен ескертулерге қалай қарайсыз? 8.      Өз міндеттерін орындамайтын адамдармен жұмыс істеу жағдайларында сіз не істейсіз? 9.      Сіз өзіндік ұйымдастыру үшін қандай тәсілдер мен құралдарды қолданасыз? 10.    Сіздің қойған кәсіби мақсатыңызға қол жеткізілмесе, өзіңізді қалай ұстайсыз? 11.    Сіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді қалай арттырасыз? 12.    Сіз өзіңіздің кәсіби байланыстарыңыз туралы не айта аласыз? Сіз оларды қалай «кеңейтесіз»? 13.    Сіз бұрын атқарған лауазымдарыңыздың қайсысын сіздің мансабыңызда барынша маңызды деп есептейсіз және не себепті? 14.    Сіз өз табыстарыңызды қандай өлшемдермен бағалайсыз, өлшейсіз? 15.    Алған мағандығыңыз сіздің қызметіңізге сәйкес пе? Сіздің біліміңіз жұмыста қалайша көмектеседі? 16.    Әріптестеріңіз бен бағыныстыларыңыздың жұмысын ұйымдастыруда сізбен қандай әдістер қолданылады? 17.    Сіз халықпен тікелей жұмыс істейсіз бе? Сіз өзіңіздің жұмыс пен өтініш тәсіліңізді қалайша орнатасыз? 18.    Сіз жаңа жұмыс жағдайларына (жаңа ұжым, жаңа басшы, жаңа қызметкерлер және басқаларына) қалайша бейімделесіз? 19.    Әріптестер және бағыныстыларыңызбен өз тәжірибеңізбен бөлісесіз бе? Өз бағыныстыларыңызды сіз қалайша оқытасыз? 20.    Сіз жұмыста басшылықтың тікелей нұсқауынсыз шешім қабылдай аласыз ба? Өзіңізге жауапкершілікті қабылдау қажет болған жағдайларда өзіңізді қалай ұстайсыз? 21.    Әріптестеріңіздің (басқа бөлім, басқарма, департамент) кінәсі бойынша тапсырманы уақытылы және сапалы орындау мүмкіндігі болмау жағдайларында сіздің әрекетіңіз? 22.    Сіз өзіңіздің өзіндік дамуыңызбен қалай жұмыс істейсіз? 23.    Сіз өз бағыныстыларыңыз арасындағы жеке тұлғалық қақтығыстарды қалайша шешесіз? 24.    Сіз атқаратын лауазымыңызда қандай жаңашылдық пен негізгі өзгерістер енгіздіңіз? Сізбен іске асырылған негізгі жобалар? 25.    Сіз шешім қабылдауда қандай факторларды басшылыққа аласыз? 26.    Сіз өзіңіздің функционалдық міндеттеріңізді атқаруда қандай негізгі шеберлік пен дағдыларды қолданасыз? 27.    Сіз кәсіби және мансаптық өсуге қалайша қол жеткіздіңіз? Бұл ретте қандай әдістер қолданылды? 28.    Сіз шұғыл және жоспарланбаған тапсырмаларды орындауда өз жұмысыңыз бен өзіңіздің бағыныстыларыңыздың жұмысын қалайша құрасыз? 29.    Сіз өзіңізді дағдарыс жағдайларында қалай ұстайсыз? 30.    Сізге сіздің жұмысыңыз қызықты ма? Атқаратын лауазымыңыз сізге сізге қандай мүмкіндіктер береді?   ЕКІНШІ БЛОК   1.      Мемлекет басшысымен «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында қойылған негізгі міндеттер? 2.      «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік туралы мәселелер қалайша көрсетілген? 3.      Мемлекеттік қызметтің заманауи қазақстандық моделі қалайша қалыптасты? 4.      Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру басымдықтары қандай? Нормативтік құқықтық актілерге қандай қағидалы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді? 5.      Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін қандай шаралар қолдану қажет? 6.      Сіз алдағы Астанада EXPO 2017 өткізу: мүмкіндіктері, перспективалары мен сын-қатерлерін қалай бағалайсыз? 7.      Қазақстанның индустриалдық – инновациялық дамуының негізгі бағыттары қандай? 8.      Тілдердің үштұғырлылығы нені білдіреді? Осы басымдық Қазақстанда қалайша іске асырылуда? 9.      Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі басымдықтары қандай? Әкімдерді сайлау қандай мақсатпен енгізіледі? 10.    Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру өткізудің мәні неде? 11.    Қазақстанда әкімдерді сайлау калай жүзеге асырылатын болады? 12.    Сіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз? 13.    Қазақстанда дағдарысқа қарсы саясат қалай іске асырылып жатқанын айтыңыз? 14.    Сіз Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кеден одағының шеңберіндегі интеграциялық процестерді: перспективалар, мүмкіндіктер мен сын-қатерлерін қалай бағалайсыз? 15.    Қазақстанда кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай саясат жүргізіледі? Әкімшілік кедергілерді азайту үшін қандай шаралар қабылдануда? 16.    Сіз Мемлекет басшысымен «Қазақстан-2050» стратегиясында жарияланған «жаңа қазақстандық патриотизм» ұғымының мәнін қалай түсінесіз? 17.    Қазақстанда әртүрлі ұлттар мен діндер болу жағдайында Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы қалайша қамтамасыз етілуде? 18.    Конфессияаралық және этносаралық тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы ассаблеясының рөлі қандай? 19.    Сіз Қазақстандағы діни ахуалды: басымдықтары мен сын-қатерлерін қалай бағалайсыз? Бұл бағытта Мемлекет басшысымен қандай саясат жүргізілуде? 20.    Сіз Қазақстандағы инновациялық технологиялардың дамуын: басымдықтары мен сын-қатерлерін қалай бағалайсыз? Салалық министрліктер және әкімдіктермен қандай шаралар қабылдануда? 21.    Мемлекеттік тілдің дамуының перспективасы қандай? 22.    Сіз Қазақстаннның геосаяси орналасуын қалай бағалайсыз? Қазақстанның дамуына қандай мүмкіндіктер ашылуда? Негізгі проблемалары мен сын-қатерлері қандай? 23.    «Еуразиялылық» ұғымын ашыңыз. Бұл бағытта Мемлекет басшысымен қандай саясат жүргізілуде? 24.    Сіз Қазақстандағы жастар саясатын қалай бағалайсыз? Қазақстан жастарының өзін-өзі жетілдіру перспективалары қандай? 25.    «Энергетикалық қауіпсіздік» ұғымын ашыңыз? Бұл бағытта қандай саясат жүргізілуде? 26.    Электрондық үкіметтің дамуын сіз қалай бағалайсыз? Қазақстанда бұл бағыт бойынша қандай шаралар қабылдануда? 27.    «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту туралы айтыңыз? 28.    «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес көрсетілген табиғи ресурстарды басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары? 29.    «Қазақстан-2050» стратегиясында ауыл шаруашылығын жаңғырту бойынша қандай шаралар көзделген? 30.    Қазақстанда құқықтық саясат дамуының негізгі бағыттары қандай?   ҮШІНШІ БЛОК   1.      Сізді мемлекеттік қызмет несімен қызықтырады? 2.      Мемлекеттік қызметшінің кәсіби мансабы сізге қандай мүмкіндіктер береді? 3.      Мемлекеттік қызметшілер қандай кәсіби қасиеттерге ие болуы керек? 4.      Сіз мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидасы мен рулық бөлініске қалай қарайсыз? 5.      Сіз басқарушы «А» корпусы мемлекеттік қызметке түсуден қандай перспективалар көресіз? 6.      Мемлекеттік қызметшінің қызметтік этика нормаларын атаңыз. Осы нормаларды сақтау не үшін керек? 7.      Халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерге ие болуы керек? 8.      Басқарушы «А» корпусының қызметшілеріне қандай негізгі кәсіби және басқарушылық құзыреттер қажет? 9.      Сіз өзіңіздің мансаптық амбицияларыңыз қалайша іске асырасыз? 10.    Жұмысты ұйымдастыруда әріптестер мен бағыныстағылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру қажет пе? 11.    Меморгандармен өзара іс-қимыл жасауда мемлекеттік қызметті тікелей алушы ретінде сіздің әрекетіңіз? Сіз әкімшілік кедергілерді азайтудың бейресми әдістерін қолданасыз ба? 12.    Сіз үшін кәсіби және мансаптық өсудің айырмашылығы бар ма? 13.    Сіз «А» корпусының лауазымына орналасқанда қандай мақсатты іске асырасыз? 14.    Мемлекеттік қызметшілерді жақсырақ жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болады ма? Сіз өз бағыныстыларыңызды қалай ынтыландырасыз? 15.    Сіз мемлекеттік қызмет реформасы туралы не ойлайсыз? Басқарушы «А» корпусын құру қандай мақсатты көздейді? 16.    Сіздің түсінігіңіз бойынша «мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі» тұжырымдауы нені білдіреді? Ол қандай өлшемдермен айқындалады? 17.    Сізде мемлекеттік қызметші әріптестеріңіз және бағыныстыларыңызбен қақтығыс жағдайлар болды ма? Оларды сіз қалай шештіңіз? 18.    Сіз мемлекеттік қызметті тұтынушылармен, арыз берушілермен «қақтығыс» жағдайларды қалай шешесіз? 19.    Сіз мемлекеттік қызметке қызметкерлерді қабылдауда қандай кәсіби қасиеттеріне назар аударасыз? 20.    Мемлекеттік қызметте рулық, өңірлік немесе жасына кемсітушілік бар ма? «Қолдаусыз» мансаптық өсу мүмкіндігі шынайы ма? 21.    Сіз Қазақстандағы мемлекеттік қызметтегі корпоративтік мәдениет пен моральдық ахуалды қалай сипаттай аласыз? 22.    Сіздің «А» корпусының кадр резервіне конкурстық іріктеуге қатысу себебіңіз қандай? 23.    Сіз «А» корпусының шеңберінде ротация мен тұрғылықты жеріңізді ауыстыруға дайынсыз ба? Сіз өңірдегі жұмыс перспективасын қалай бағалайсыз? 24.    Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға үміткер тұлғалар қандай талаптарға жауап беруі керек? 25.    Сіз мемлекеттік қызметтегі мансаптық жоспарлауды қалай елестетесіз? Адал жолмен мансапты жасау шынайы ма? 26.    Сіз әріптестер жағынан сіз туралы сын пікірлерге қалай қарайсыз? 27.    Сіз БАҚ-да мемлекеттік қызметшілер туралы жағымсыз жарияланымдарға қалай қарайсыз? 28.    Сіз қалай ойлайсыз, БАҚ мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық мәселелерін жария етуі объективті ме, әлде жағдайды «асырып жібереді ме?» 29.    Егер сізді жаңа ұжымда басшы етіп тағайындаса, сіз өзіңізді қалай ұстайтын боласыз? өзара қарым-қатынасты қалай орнатасыз? 30.    Өзіңіздің кәсіби әлеуетіңізді қайда іске асырған дұрыс: мемлекеттік қызметте, әлде жеке секторда ма?  

«А» корпусына  іріктеудің бірінші сатысының қорытындысы

54 әкім, 8 комитет төрағасы, 1 жауапты хатшы орындарын босатады... 

29 мамыр, 2013 жыл

Қазіргі уақытта «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің мынадай сатылары аяқталды: кандидаттардың құжаттарын қабылдау, олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау және тестілеу.   «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу қағидаларына сәйкес құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 3 сәуірі мен 3 мамыр аралығында, бір ай ішінде жүзеге асырылды. Жалпы, 2024 кандидат құжаттарын тапсырды, олардың: 511 – «А» корпусына өткен лауазымдарда жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілер (олардың 220 – орталық мемлекеттік органдардан, 291 – жергілікті атқарушы органдардан), 1066 - өзге мемлекеттік қызметшілер, 447 - мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар. кандидаттардың 14 % – әйелдер. Арнайы біліктілік талаптарына құжаттардың сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша 1851 кандидат тестілеуден өтуге лайық болып танылды.   15 және 27 мамыр аралығында «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 1787 кандидат қатысты, олардың: 499 – «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері; 931 - өзге мемлекеттік қызметшілер; 357 – мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар. 64 кандидат тестілеуге келген жоқ. Осылайша, тестілеуден өткендердің 72%-н «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын тұлғалар құрайды.   1124 (62,9%) кандидат шекті мәнді еңсеріп, тестілеуден табысты өтсе, 663 (37,1%) кандидат шекті мәнді жинай алмады. Бұл ретте мүмкін болатын 100 балдың 100-н 15 кандидат жинады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тестілеу көбіне барынша дайындалмағандарды қалдыру әдісі ретіндегі шара болып қолданылды. Тестілеу бағдарламасына мемлекеттік қызмет саласындағы 10 заңды білуге арналған тестілер кіргізілді: Конституция, үш конституциялық заңдар және өзге заңдар. Заңдарды білу – мемлекетік қызметшілердің тікелей міндеті. Осы заңдарды жүзеге асыра отырып, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, оның ішінде әкімдер заңдардың жоғары тұруы қағидасын - мемлекеттік қызметтің базалық қағидасын қамтамасыз етулері тиіс. Қазіргі уақытта «А» корпусының лауазымдарында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілердің кейбір тестілеу нәтижелері. Лауазымдары «А» корпусына өткен мемлекеттік қызметшілер қатарынан 511 адам осы корпусқа іріктеуге қатысу үшін құжаттарын тапсырды. Олардың ішінен 155 кандидат, яғни 30% шекті мәннен өте алмады. Олардың арасында: -         17 жауапты хатшының 1, -         14 облыс әкімдері аппараттары басшыларының 2, -         41 комитет төрағаларының 8, -         75 тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерінен 20, -         191 қала, аудан әкімдерінің 54, -         Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 16 тәртіптік кеңестерінің 2, -         басқа да мемлекеттік қызметшілер. Тестілеу бойынша шекті мәнді еңсере алмаған «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің келесі сатыларына жіберілген жоқ. Анықтама: Лауазымдары «А» корпусына өткен әрбір мемлекеттік қызметшімен 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген еңбек шарты жасалынды. Оның қолданыс мерзімі 6 ай, яғни 26 қыркүйекке дейін. Сонымен қатар, мұндай шарт ерте бұзылуы да мүмкін. Бұл - егер осы лауазымға «А» корпусының кадр резервінен біреу тағайындалатын болса жүзеге асатын болады. Мұндай жағдайда көрсетілген алты айлық шарт бұзылып, тағайындалатын «резервшімен» жаңа еңбек шарты – 4 жылға жасалынады. Осылайша, тестілеу қорытындысы бойынша «А» корпусының кадр құрамы кем дегенде үштен бір бөлікке жаңаратыны туралы қорытынды жасауға болады. Басқарушы «А» корпусының лауазымдарына ашық конкурстық іріктеу жүргізу өңірлердің кадр әлеуетін ашуға және «жаңа» ықтимал басқарушыларды көруге мүмкіндік берді. Өңірлік кадр комиссияларында әңгімелесуден өтетін кандидаттардың тек 23 % – «А» корпусында жұмыс істеп жатқан қолданыстағы мемлекеттік қызметшілер, ал кандидаттардың 77 %-ын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері және мемлекеттік қызметші емес тұлғалар құрайды. Осылайша, «патронаждық» жүйе мен «саяси» сипаттағы тағайындаулар кезінде басқарушы лауазымдарға тағайындауға құқығы бар тұлғалардың көзіне түспей қалуы мүмкін кандидаттар өңірлік кадр комиссиялары деңгейінде, ал алдағы уақытта Ұлттық комиссия деңгейінде «өзін көрсету» мүмкіндігін алуда.   Қазіргі уақытта өңірлік кадр комиссияларында кандидаттармен әңгімелесу өткізілуде. Облыс әкімдерімен басқарылатын осы комиссиялар кандидатқа, оның кәсіби және жеке қасиеттеріне баға берулері қажет. Осы баға негізінде қалыптасатын өз ұсыныстарын олар Ұлттық комиссияға жолдайды. 4 маусымнан бастап Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияда әңгімелесу басталады. Сынақтан өте алмаған басшылар туралы  “А” КОРПУСІ АЛАМАНЫНДА ҚҰЛАҒАН ӘКІМДЕР МЕН БАСШЫЛАР…" атты мақаладан оқи аласыздар.  http://www.qazaquni.kz/16522.html

Тізімді қарау үшін басыңыз