Жасұлан Иса: Ауылға барған сайын, кіре берісінен жүрегім ауырады

Жасұлан Иса: Ауылға барған сайын, кіре берісінен жүрегім ауырады

Белгілі тіл күрескері Жасұлан Иса бір мандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер. Бұған дейін «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде қоғам белсендісінің мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты бірқатар өткір мақалалары жарияланған. Сайлауалды үгіт-насихат аясында Жасұлан Исаның елге ұсынып отырған бағдарламасынан үзінді жариялауды жөн көрдік. 

Атап өтейік, Жасұлан Исаға Астана қаласының №1 сайлау округінде (Алматы, Байқоңыр аудандары) дауыс бере аласыз. 

***

Мен өзім ауылдан шыққаннан соң, ауыл маған өте ыстық көрінеді.   Кезінде, Теңіз деген үлкен аудан болған. Менің Баршын ауылым, соның орталығы еді. Туып өскен жерім осы. Астана (ол кезде Целиноград) қаласымен екі ортаға икарус автобусы жүретін. Кіші-кірім әуежайымыз да болды. Кукурузник ұшатын. Айтайын дегенім. Кеңес одағы тарағанда, бір-ақ сәтте, дүркіреп түрған аудан жоқ болып кетті. Мен, ол кезде осы Астанада оқып жүрген едім. Екі аяқты жебірлер сол уақытта та болды емес пе. Әкім қаралар, сататынын сатты, қысатынын қысты да, тайып отырды. Ауыл қалды. Анашым мен екі бауырым сол жерде әлі тұрады. Ауылға барған сайын, кіре берісінен жүрегім ауырады. Құлаған көпір. Қираған екі қабатты үйлер. Үгіт-насихат алды анашыма түнделетіп барып келгенмін. Ауыл қап қараңғы. Жарық жоқ. Бұрын жарқырап тұратын. Бұндай ауылдар көп қой. Отыз жылда, жүргізілген бармақ басты саясаттың жемісі осы енді. Сондықтан, ауылдың жағдайымен таныспын. Негізі, қаланы қала етіп тұрған да ауыл емес пе? Тіліміздің сақталып тұрғаны да, бір жағынан ауылдың арқасы. Ал енді, ауылда қандай мәселенің барын, сол ауылдағылардан артық ешкім білмейді. Жайылым жерлер неге жетпей жататынын. Қыстауға шөп бітіп, болмай, малдарын жан-жақтағы туған туыстарына таратып, ел аман жұрт тыныш та малдары қыстан көтерем болып шығып жататындарын. Бәленбай жыл көрші отырып, бауыр болып кеткен шаруалар, жайылым жер жетпей, бір-бірлерінің малдарын айырмен қуып жүретіндерін. Қыс бойы семіртіп, өсіріп қалаға әкелген малдарын, арзан бағаға беріп кететіндерін. Ортада, қызығын делдалдар көріп отырғандарын. Осының бәрін, қай министр зерттеп көрді? Келіп, кетіп жатады. Ауыл сол баяғы, түк өзгеріссіз сол күйде қала береді. Сондықтан, барлық мәселенің шешімдерін ауылдың өзінен сұрау керек. Ауылды көркейтеміз десек, ауыл тұрғындарының пікірлерін басшылыққа ала отырып, жаңа бағыттағы ауылды дамыту стратегиясы жасалынуы керек.

* ҚР Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат Ж. Исаның сайлау қоры қаражаты есебінен төленді