ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕГІ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕГІ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

          Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу нәтижесін жариялады.

          15 ақпанда Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша тіркеу аяқталғаны белгілі. Партиялық тізім негізінде 69 депутат сайланады. Аумақтық сайлау комиссияларының ақпаратына сай, пропорционалды негізде сайланатын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаты депутаттарының жартысын сайлау жөніндегі партиялық тізімдерді тіркеу өз мәресіне жетті. ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу жұмыстары да 20 өңірдің әрқайсысында заң талабына сай жүргізілді.

 «Барлық 7 партияның съездерінде партиялық тізімге 283 кандидат енгізілді. Тіркеу кезеңінде әр саяси партияның өкілдері қаралды. Біз барлық 7 партияның тізімін толық зерделедік», - деді Константин Петров. Нәтижесінде Қазақстан халық партиясынан – 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 54, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 18, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – 25, «Amanat» партиясынан – 90, «Respublica» партиясынан – 23 кандидат ресми түрде тіркелді. Айта кету керек, соңғысынан 2 кандидат өздері берген өтінішке сәйкес, партиялық тізімнен шығарылды.

       «Осылайша, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 69 мандатына үміткер саяси 7 партияның тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті көлемін сақтайды. Осы үш санатқа жататын кандидаттардың барлық партиялық тізімдерде ұсынылу мөлшері - 38,1%. Үміткерлердің орташа жасы - 45,7. 19 үміткер 29 жасқа дейінгі жастар болса, 80 әйел кандидат ұсынылды. Бұл жалпы санның 28,5%-ын құрайды. Сонымен қоса, 201 ер адам ұсынылды. Тізімге 12 ұлттың өкілдері енгізілген», - деп атап өтті Константин Петров.

qazaquni.kz