БҚО-да баласы «ішімдік ішуді доғар» дегені үшін әкесін ұрып өлтірген

БҚО-да баласы «ішімдік ішуді доғар» дегені үшін әкесін ұрып өлтірген

15 ақпанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сырым ауданы Қоңыр ауылының тұрғынына қатысты үкім шықты. Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, он жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 16 қазанында болған. Іс материалдарынан белгілі болғандай, сол күні қылмыскер өзінің танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Сағат 23:00 шамасында сотталушы үйіне оралды.

- Үйде әкесі баласына «Неге ішесің? Сенің үйленетін кезің болды», – деп ұрысқан. Олардың арасында жанжал туындады. Баласы бұл сөздерге ашуланып, аулаға шығып, таяқ алып, төсекте жатқан әкесін ұра бастайды. Басы мен иығынан  ұрды. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғадан кейін ұлы әкесіне көмектесуге әрекеттенбей, жедел жәрдем шақырмай, қылмыс қаруын жасырған», - деді судья Шара Зайнуллина.