Бірнеше ер адам әйелдің үйіне басып кіріп, балалардың көзінше зорлаған
2023 ж. 16 ақпан
3554
2

39 жастағы әйелді ұрып-соғып, зорлады деген күдікпен Ташкент облысы Бостанлық ауданының төрт тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шабуыл 2022 жылы 28 желтоқсанда Чимбойлы ауылында болған. Топтық зорлау жасады деген күдікпен 25-27 жас аралығындағы төрт өзбек азаматы ұсталды. Олар қамауға алынды.
Өзбекстандық блогер әлеуметтік желіде жәбірленушінің күйеуі Ресейде жұмыс істеп жүрген кезінде күдіктілер оның үйіне басып кіріп, кәмелетке толмаған екі баласының көзінше ұрып-соғып, зорлағанын жазды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Бас прокуратура бұл факті бойынша «Зорлау» және «Табиғи емес түрде жыныстық құмарлықты күштеп қанағаттандыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.