Дубляждарға қарап қалмай отандық контенттерді жасау қажет - журналист
2023 ж. 15 ақпан
902
0

Елімізде балаларға арналған сапалы контентті дамыту мәселесі ұдайы сынға ілігеді. Осы тақырып жөнінде "Атамекен бизнес" арнасының меншікті тілшісі Есенбек Санатұлының «Қазақ үні» тілшісіне жолдаған пікірін оқырмандарға ұсынамыз.
Журналист неге елімізде балаларға арналға сапалы контент аз, кішкентай көрермендердің талғамына сай келетін отандық туындылардың көп болуы үшін мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілуі керек, балаларға арналған шетелдік контентті қазақшалау, алаларға арналған контентті дамыту мәселесімен айналысатын арнайы ұйым құру қажеттігі секілді мәселелерге өз көзқарасын білдірді.
Есенбек Санатұлы:
Балаларға арналған сапалы контент аз. Бізде тек Балапан арнасында қазақ тілінде мульт фильмдер бар. Мәселен, осы арнадан бір мултикті қазақша көрген балақай неге екені қайтадан көргісі жоқ. Егер сапалы болса ол баланы қызықтырар еді. Балаларға арналған контенттердің тәрбиелік сапасы нашар. Көбісі ойын-күлкі сауық-сайранның айналасынан аспайды.
Екінші, мемлекет осы мәселеге көңіл бөлуі қажет. Тек дубляждарға ғана қарап қалмай отандық контенттерді жасау қажет. Әрине оған мемлекет тарапынан қаржылай қолдау керек. Отандық контент әзірлейтін мамандарды ынталандыру қажет.
Балаларға арналған контенттерді дамытатын жеке ұйым болмаса да, осыған жауапты саладан бір бөлім қажет
Балаларға арналған шет елдік контенттердің қазақшалануына 3,5 деген баға қояр едім. Жақсыға сәл жетіңкіремейді. Оны балалардың қызығушылығын арттырмауынан байқауға болады.
Қазақ үні