Мәслихат депутаттары да жалақы алуы керек - Бейбіт Күлмағамбет

Мәслихат депутаттары да жалақы алуы керек - Бейбіт Күлмағамбет

Можаритарлық жүйе бойынша мәслихат депутаттығына сайысқа түсу әжептәуір ақшалай шығын қажет ететін шаруа, бір әлек десемізде болады. Және алғашқы рет мәслихат депутаты боламын деген азаматтардың естеріне сала кететін жайт, облыс, қала, аудан депутаттары жалақысыз іс атқарады. Қоғамдық жұмыс саналады. Сондықтанда, жеке уақытыңызды көп алатын, ауыр келетін ел аманатын өз йықтарыңызға ілесіздер. Қанша шаруа жасап, шапсаңыздар да ешкім ертең-ақ сізге рақмет айта қоймас. Сын астында боласыздар. Сондықтанда, депуттаттық сайлауға түсу, жақсы ойланып, жан-жақпен кеңесе алынатын қиын шешім.

Депутаттың күнделікті жұмысына келсек, облыс, қала, аудан деңгейінде тұрақты комиссиялар отырысы, бюджетті талқылау, сессияға қатысуымен өтеді. Оның арасында тұрғындардың арыздарын қарастыру үшін, мәселе тудырған жерлерге, мекемелерге бару, тұрғындардың сходына қатысуы да бар. Депутаттар комиссия құрып, яғни әкімдіктен мамандарды шақырып, басқа жауапты мекемелерден де мамандар алып, бір топ кісімен жол, су, құбырлардың жайын тексеру сияқты көптеген шараларға қатысады.

Депутат боламын деген азаматтың мотивациясы өте жоғары болуы тиіс, кейде бала-шағаның жайын, өз жұмыстарыңызды бір жаққа сырып қоюға дайын болуыңыз керек.

Тек парламент депутаттары ғана емес, мәслихат депутаттары да жалақы алулары керек деген пікір қоғамда жиі айтылуда. Өткен жылғы заңдағы толықтырулармен облыс деңгейіндегі маслихаттардың екі комиссия басшыларына жалақы тағайындалатын болды. Осы бюджеттен миллиард теңгелерді бөлетін маслихат депутаттарының жалақысыз қызмет атқаруы дұрыс емес шығар? Шайтанда алтынды көрсе жолынан таяды демекші, бұл өзі әкімдік мамандарымен немесе мердігерлермен ауыз жаласуға апаратын жемқорлық жол емес па? Жалпы, мәслихаттар, биліктің үш, бір-бірінен тәуелсіз тармақтарының өкілетті бұтағы ретінде акиматтардан шығып, өздері отыратын мекендері, жеткілікті бюджеті болуы тиіс деген ойдамын. Көліктері болмайтын, қажет кезде тәуелсіз экспертиза жасай алуға қаражаты жоқ, мәслихат аппараттарының қызметкерлерінің жалақылары өте төмен органмен кім санасады? Мысалы, Нұр Отан партиясының, тек бір билік партиясы болған кезеңдеріндегі көптеген зәулім сарайларының бірі берілсе де орынды болар еді. Немесе, Назарбаевқа салынған әр облыс орталығындағы резиденциялар. Сол сарайларды бағуға қаншама бюджеттен шығын шығуда. Ол жерлерге мәслихаттар кіріп, биліктің өкілетті тармағы ретінде күшейтіліп, Әкім-дерден бөлек жерде тәуелсіз қызмет атқаруға жағдай жасалса дұрыс болмас па еді. Маслихаттардың статусы мен жауапкершілігі нығайса?

Бұрынғы шақырылымдардағы депутаттардың көбі Нұр Отан партиясынан сайланғандар еді. Депутаттық қызметтерін кейбіреулері жақсы орындаса, кейбіреуі аса әлек болмайтын. Үш-төрт шақырылымда депутат болғандар да бар ішінде, оларға кім қандай талап қоя алады? Депутаттың біразы поликлиника, жеке емхана, колледж, үлкен кәсіп иелері немесе басшылары. Сол жерде өз кәсіптеріне қолайлы жағдай жасап жүргендер десекте болар. 

Әкімдікпен жартылай ресми ортақ жеке кәсіпорындар - Теплотранзит, Водоканалдардың басшылары да бар болатын. Шыны керек, бюджеттен қаржы алатын кәсіпорындардың басшылары депутат болулары біраз абсурд көрінбей ма? Сонда, халық атынан сайланып, өздерін өздері ма қадағалайды ?

"Ақ жол" партиясынан сайланған, екі жылға жақын мәслихат депутаты тәжірбиемден түйгенім, мәслихаттардың жұмыстары реформаланудан өтуі тиіс. Ол үшін өз жұмысын жаңаша атқара алатын білімді , тәжірбиелі "жаңа" парламент пен мәслихат депутаттары сайлануы шарт. Екі рет қатар отырған депутаттар қайта сайланбауы керек деген ойдамын. Сондай талап заңмен бекітілсе дұрыс болар еді. Қәзір ондай заңды шектеу болмаса да, билік- өткен кезеңдерде он жылдап мәжіліс, маслихаттарда тапжылмай келе жатқандармен құжаттарын тапсырарда "қажетті" кеңес-сұхбат өткізулері керек деген ойдамын. Сол "мәңгі" депутаттар бір-ақ рет жеті жылға сайланатын Президенттен артық емес шығар!

Қазақ Елі,болашақ ұрпақ,бостандықтар мен Демократия үшін.

Бейбіт Күлмағамбет, 

Қазақ үні