ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ “АҚ ЖОЛҒА” да, АЛАШҚА да ҚАРА КҮЙЕ ЖАҒА АЛМАЙДЫ!

ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ “АҚ ЖОЛҒА” да, АЛАШҚА да ҚАРА КҮЙЕ ЖАҒА АЛМАЙДЫ!

Біздің мәжілісте болған бұрынғы әріптесіміз туралы жазбаса болмай тұр. Айтпаса сөздің атасы өледі. Өзге елдердегі соғысты қолдағаны былай тұрсын, партияны, оның төрағасын айыптап шетелдік баққа «мұңын шаққаны» бізді алаңдатып отыр. Партияның мүшесі, бұрынғы депутаты ретінде мұндай сатқындыққа баруы ұлтымызға төніп келе жатқан қауіп деп есептеймін. Естеріңізде ме Алаш арыстарын тап осылай ұлтшылдар партиясын құрған деп айыптап еді ғой. Азат Перуашев секілді алаштықтардың ұрпағы бас болған, Қазыбек Исадай ақын қос болған ұлтжанды азаматтардың партиясын дәл осындай саяси науқан алдында қаралау кімге тиімді еді? Кім сөйлетіп отыр анау бәтшағарды? Тыныштық пен тұрақтылықты дәріптеген елде оны емін еркін сайратып қойған кім? Елді кәсіпке үйретіп, әр кәсіп иесінің құқын қорғау үшін жұмыстанып жүрген адамдар аяқ астынан радикалды ұлтшыл болып шыға келгені қалай?  

Менің пікірімше «Ақ жолдың» күші көбейген сайын балақтан биттері басқа шапқысы келіп әлек болып жатыр. Алихан, Міржақып, Ахметтердің арасында да осындайлар болған. Солар арыстарымызды құртқан! Сан жылдар «Ақ жолдың» туының астында жүріп, төрағаның төрінде отырғандар осындай иттік жасауы сол жақсылап ұмытылған өткен тарихтың қайталанып жатқаны! Қазақты сырттан жау келіп ала алмаған! Осындай ішкі жаулардың кесірі көпке тиеді. Соңында құртып тынады. Мәжіліс депутаты бола жүріп ел арасында соғыс пен өлімді насихаттағаны үшін бұл кісіні жауапқа тарту қажет! Сайлау өтер, кетер, біреу жеңер, біреу жеңілер. Мәселе онда емес, мәселе өз арамызда жүрген қауіпті қаракөздердің құйтырқы әрекеттеріне жол бермеуде!  

МҰНДАЙЛАР АЛАШТЫҢ ДА, АҚ ЖОЛДЫҢ ДА БЕДЕЛІН ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ!  

Б. Ізмағанбет,

«AQ JOL» ҚДП БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары