Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты

Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті», - деді Алматы қалалық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев тіл мәселесі бойынша қоғамның сынына іліккен кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряповтің елімізге келген шетелдіктермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде дау туғызды. Кейіннен ол өз сөзіне қатысты кешірім сұраған болатын.