Сайлау әділ өтсін деген Қазыбек Исаның талабын қолдаймыз - Руслан Баймұқашев

Сайлау әділ өтсін деген Қазыбек Исаның талабын қолдаймыз - Руслан Баймұқашев

«Қазақ үні» ақпарат агенттігінде 2023 жылдың 11 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаңтар қасіретінен сабақ алып, алдағы парламент сайлауын әділ өткізу туралы Премьер-министр Ә.Смаиловқа  «Ақ жол» фракциясының атынан жолданған Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның депутаттық сауалы жарияланды. 

Аталмыш сауал қоғамда үлкен қолдауға ие болды. Осыған байланысты желі қолданушысы Руслан Баймұқашевтің пікірін оқырманға ұсынуды жөн көрдік. 

***

БІР ДЕПУТАТ АЙТТЫ-АУ, ӘЙТЕУІР!

Қазыбек аға, ұсынысыңызды қолдаймыз!

Сайлау учаскелері бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Біздің мектепте де бар.

Бірақ, сайлау басталардан бір күн бұрын камералардың обьективі скотчпен бітеледі.

Немесе, жоғарыға қаратып бұрылып қойылады.

Себебі, сайлау өтетін ғимараттардағы бейнебақылау камераларын сайлау процесінде пайдалану тәртібі заңмен бекітілмеген. 

Сонымен қатар, барлық учаскеден дауысты санау процесінен тікелей эфир жүргізілсін!

Өз даусының қалай саналып жатқанын халық көрсін!

Сонда ғана сайлау әділ болады!

"Сайлау туралы Заңға" өзгертулер енгізсін де өткізе берсін сайлауды...

Олай болмаса - бәрі бекер...

"Әкім қандай тапсырма береді, "Аманат" не айтады, қанша пайыз дауыс жинап беруіміз керек?"... деп елеңдеп отыратын сайлау комиссияларының барынан жоғы жақсы!!!

ӘКІМДЕРДІҢ ЖИНАП БЕРГЕН ДАУСЫМЕН ПАРЛАМЕНТКЕ БАРЫП АЛЫП ҰЙЫҚТАП ОТЫРАТЫН ДЕПУТАТТАР ЕНДІ ӨТПЕУІ КЕРЕК!!!

Руслан Баймұқашев, 

Фейсбук парақшасынан