Ауылды қатаң заң арқылы ғана өркендетуге болады - Жұматай Түгелбайұлы

Ауылды қатаң заң арқылы ғана өркендетуге болады - Жұматай Түгелбайұлы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлына, 

Қазақстан Республикасының Премьер-министірі

Смайлов Әлиханға, 

Халық қалаулысы 

Қазыбек Исаның құзыры мен "Қазақ Үні газетіне

Бүгінгі таңдағы Қазақ Ұлтының иесі мен киесі, шындықтың шығар биігіне бағыт алған дүбірлі таңымыздың дүрмекті күндерінде барлық жаратылыс қасиеттілігімізді танытып айғақтайтын Тіліміз бен Ділімізді, салт-саналы әдет- ғұрпымызды сақтаған бұл ауыл өмірі.

Ата Бабадан қабылдаған құдыретті қасиетіміздің ақыл- ойлы парасаттылығын, "Жаңа Қазақ Елінен" - Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі тарихтан жоғын іздеп түгендеп көрсететін ойлы жоспарын іске асыру үшін Қазақ Елінің Ата Заңының толық талабын қалыптастыратын қатал Заң талабы қабылданса.

Бүгінгі таңда Еліміздегі даму үрдісінде ауырөнеркәсіппен қатар, ауылшаруашылығын дамытпай өркенниетті елге жетпейтінімізді отыз жылғы өмір дәлелдеді.

Бұл ауылшаруашылығымен қатар ауылдың экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайының, тұрмыс тіршілігінің жойылуы. 

Елдік пен кеңдіктің, мәрттік пен өрліктің көрнісі болған "Алтын ұя" ауылымыздың түп тамырының жойылуы алдындағы бүгінгі тарихи беті.

Бұл ауылшаруашылығын реформалау, мемлекеттің мақсат мүддесін орындау, даму саласын эволюциялық жолмен емес, оны қатал революциялық жолмен қатал Заңды орнату арқылы шешіп іске асыру.

Осы тұрғыдағы ой пікірім. 

Ашық хат

Ауылшаруашылығы мен оның ішінде малшаруашылығын дамыту, шөлді-шөлейтті елді мекендердегі ауылдардың тұрмыс-салты мен экономикасын, мәдениетін көтеріп, жауапкершілігін арттыруда қатардағы еңбек адамына дейін бағынатын қатал Заң талабының керектігі.

Эксперимент есебінде экономикалық аудан құрып, тәжірбие жүзінде Жамбыл облысы көлемінде қатал Заң "Өлім жазасы ма, жоқ ғұмырлық бас бостандығынан айыру жазасы қабылданып, революциялық жолды пайдалану арқылы, Меркі қант заводы мен асылтұқымды мал заводтарын қайта ашып, оңды солды бөлінген халықтың жерлерін қайтарса.

Облыс орталығынан төрт жүз шақырым шөлді- шөлейтті, тек төрт түлік малды өркендетуге қолайлы, жаз жайлауы Қарағанды облысының шығысы Мойынты, Киікті станциялары, батысы Қаражал қаласына дейін жайлау жерлері болған Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарының мал жайлаған жерлері.

Әлемге танылған Социалистік Еңбек Ерін екі рет иемденген Жазылбек Қуанышбаев атамыз еңбек еткен жерлер.

  Міне бүгін экспериментті қатал заң талабына басын тіккен, жемқор билікке араласпаған арты таза, қатал заңды жүзеге асыра алатын Кеңестер дәуіріндегі жетпіс жылғы өмір тәжірбиесін көрсетіп, оны басынан өткерген білімді тәжірбиелі бүгінгі алпыс пен жетпіс жастың аралығындағы тәжірбиелі маманның облыс билігіне тағайындалуы.

Сонда ғана халық тұрақтанып, жас мамандар ауылға барып, қандас бауырлар ауылға орналасып еңбектеніп, жас ұрпақ тәжірбиелі басқарған маманның арқасында тәлім алатыны хақ дүние.

Сонда мың шақырым Жамбылдан, Қарағанды облысына дейінгі бос жерлерге малшаруашылығы дамып игерілер еді.

Реформаны жүзеге асыру үшін, эксперименттің мақсат мүддесін орындауда, Мемлекет шешімі төменгі жобада алып қосарымен қарастырылса:

1. Қатал Заңды тиянақты түрде жүзеге асырылуы үшін, облыстың құзырын барлық министірлікпен тең дәрежеде бекітілсе.

2. Қолданылатын заңға барлық облыс көлеміндегі инвесторларға орындау тәртібі бірдей екені көрсетілсе.

3. Облыс көлеміндегі барлық жер телімі, ондағы өңделетін қазба байлықтар, оны өндіру мен өңдеу құзырламасы, жол жөндеу, көпір салу т.б оны қадағалау жауапкершілігі облысқа тапсырылса.

4. Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандары орналасқан елді мекендер шөлейтті аймақ болғандықтан бұл өңір тек төрт түлік малдың керектігі және оны өркендетуге қолайлы жерлер.

5. Түркімен елінен түйені сатып алуға, Монғолия елінен еті мен жүнін пайдаланатын Қазақтың қызыл қойын сатып алуға мемлекет аралық келісім шарт жасалынса.

6. Егін шаруашылығын дамытып оның агротехникалық шараларын өркендетуге, өнімдерін іске асыру үшін қант заводтарын дамытуға мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе.

7. Әр аудан орталықтарында ауылшаруашылығын басқаратын басқармалар ұйымдастырылса.

8. Облыс, аудан орталықтарында мал өнімдерін іске асыратын тері, жүн, май өңдейтін заводтарды құрастыруға ақша бөлінсе.

9. Әр ауыл орталықтарын өркендету үшін Кеңестер дәуіріндегідей қаржы бөлінсе әлеуметтік жағдайы көтеріліп, ауыл көркі көркейер еді.

Бұл әр аудан көлеміндегі кезіндегі совхоздар, бүгінгі он төртке дейін саны жететін бүгінгі тозған елді мекендер. 

10. Эксмпериментті іске асырудағы қатал Заңның қабылдануы арқылы, сол тәртіпке бағынған қатардағы еңбек адамына дейін түзеліп, ұрлық-зорлық жойылып, анаша тартып оны сату мен қолданыстың жолы жойылып, ұлт-араздық қақтығыстарға тәртіп енер еді.

11. Кейбір заңдылықтарды эксперимент болғандықтан өзгерістер енгізу, оны қабылдау облыстық мәслихат құзырына тапсырылса.

Осындай қатал Заңмен орнайтын тәртіп арқасында ауыл, аудан, облыстың экономикасы мен мәдениеті, әлеуметтік жағдайы түзеліп, халқымыздың әл ауқаты алға басар еді.

Жұматай Түгелбайұлы, 

Қазақ үні