Экологиялық заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді: Тоқаев құжаттарға қол қойды
2023 ж. 03 қаңтар
1224
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту бойынша Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізетін Заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда, Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, құжаттар ұлттық парктерді және басқа да табиғи байлықтарды қорғауды көздейді.